Забур жырлары  148
Күллі әлем Жаратқан Иені мадақтасын!
1
Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!


Жаратқан Иені көктен мақтаңдар,
Заңғар аспанда Оны даңқтаңдар,
2
Мадақтаңдар Оны, бар періштелер,
Мадақтаңдар Оны бәрің, көктегілер,
Оған бағышталған нөкерлері, сендер!
3
Мадақтаңдар Иемізді, күн мен ай да,
Барлық жарқылдаған жұлдыздар да,
4
Мадақта Оны лайым, аспан заңғар,
Мадақтаңдар Оны, бұлттан жоғары сулар!
5
Жаратқанның атын дәріптесін барлығы,
Ол бұйрық бергенде әлем жаратылды,
6
Мәңгілікке
а
берік орнатты Ол соларды,
Әрдайым сақталады берген жарлықтары.


7
Мадақтаңдар Жаратқанды, жердегілер,
Алып балықтар мен түпсіз теңіздер,
8
Найзағай мен бұршақ, қар және тұман,
Дауыл да Оның бұйрығына бағынған,
9
Мақтаңдар Оны, бар төбелер мен таулар,
Жеміс ағаштары мен күллі самырсындар,
10
Алуан түрлі аңдар және малдар,
Құстар әрі бауырымен жорғалаушылар!
11
Әлемнің патшалары мен бүкіл халықтар,
Жердегі әміршілер және барлық соттар,
12
Мадақтаңдар Оны, жігіттер мен қыздар,
Қарттармен қатар сендер де, балалар!


13
Мадақтасын бәрі де Жаратқанның атын,
Тек Ол ғана жоғары барлығынан,
Даңқы Оның жер мен аспаннан асқан.
14
Ол Өзінің халқына күш-қуат дарытты,
ә
Бар адал жандарға мақтау әнін айтқызды,
Исраил ұрпақтарының даңқын асырды,
Осы халық Өзімен тығыз байланысты.


Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

а  Яки: Көптеген ғасырларға (Соф 1:18; 3:8; Пет2 3:7).

ә  Яки: халқына мықты патша тағайындады. (Немесе: халқына арнап мүйіз шығарды: 131:17; Пат1 2:1,10.)