Забур жырлары 147
Халқына қамқоршы Жаратқан Иені дәріптеу
1
Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта,
Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
2
Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,
Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,
3
Таңдаулы астықпен оны тойындырады,
Шекараңа бейбітшілік орнатады.
4
Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды,
Оның айтқандары лезде тарайды.
5
Жаратқан қарды мамықтай жаяды,
Қырауды да күлдей жерге шашады,
6
Бұршақты жұмыр тастай жаудырады,
Кім Оның аязына шыдай алады?
7
Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды,
Жылы жел соққызып, ағызады суды.
8
Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын,
Исраилге заңдары мен жарлықтарын,
9
Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді,
Олар Оның шешімдерін білмей келеді.
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!