Забур жырлары  146
Құдіреті шексіз Құдайды ән-күймен мадақтау 
1
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! 
 
Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, 
Бұл қандай ұнамды да жарасымды! 
2
Иеміз Иерусалимді қайта салар, 
 
Исраилдің айдалғандарын қайтарар, 
3
Жаралы жүректерді сауықтырар, 
 
Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар. 
4
Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген, 
 
Ол барлығына да өз аттарын берген. 
5
Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты, 
 
Шексіз мол Оның ақыл-парасаты. 
6
Иеміз қорланған жанды жоғарылатады, 
 
Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады. 
7
Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, 
 
Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар! 
8
Жаратқан аспанды бұлттармен жабады, 
 
Жер бетіне жаңбырды жаудырады, 
Тау-төбені көк шөппен жамылдырады. 
9
Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, 
 
Қарғаның шақырған балапандарына да. 
10
Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды, 
 
Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды, 
11
Қайта, риза болады Жаратқан Ие 
 
Өзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.