Забур жырлары  145
Құдай Иесіне үміт артқан бақытты!
1
Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!


Мен жан-тәніммен Иемді мадақтаймын,
2
Тірі жүргенімде Жаратқанды даңқтаймын,
Өмір бақи Құдайыма ән-жырымды арнаймын.


3
Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар,
Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар,
Пәледен құтқара алмайды олар:
4
Демі бітіп, жерге қайта оралады,
Сол күні-ақ ой-ниеті ада болады.


5
Жақып сиынған Құдай жар болған
Және Құдай Иесіне үміт артқан
Қандай бақытты болады әрбір жан!
6
Көк пен жерді, теңізді әрі олардағы
Бардың бәрін де Иеміз жаратты,
Ол мәңгі бақи сөзінде тұрады.
7
Қаналғандарды Ол әділдікке жеткізеді,
Ашығып жүргендерге тамақ береді.
Жаратқан Ие тұтқындарды босатады,
8
Иеміз зағиптардың көзін ашады.
Жаратқан бүкірлерді түзу етеді,
а
Иеміз әділдерді жақсы көреді.
9
Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды,
Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды,
Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды.


10
Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді!
Уа, Сион, сиынған Құдайың патшалық
Құрады ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік.
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

а  Немесе: Жаратқан Ие түңілгендерге жігер береді.