Забур жырлары  137
Жаратқан Иенің берік рақымын мадақтау
1
(Дәуіттің жыры.)


Шын жүректен, уа, Ием, Сені дәріптеймін,
Періштелер
а
алдында әндетемін.
2
Киелі үйіңе қарай иілемін,
Берік рақымың мен адалдығың үшін
Сенің атыңа шүкіршілік етемін,
Өйткені дүниеде бар нәрселерден
Атың мен сөзіңді
ә
жоғары қойдың Сен.
3
Мінажат еткенімде жауап бердің,
Жігер беріп, жанымды берік еттің.


4
Уа, Ием, естігенде аузыңнан шыққан сөзіңді
Жердің бар патшалары мадақтасын Өзіңді,
5
Олар әнге салсын Жаратқанның жолдарын,
Өйткені шексіз зор — ұлылығы Оның!


6
Жаратқан Ие бәрінен де жоғары,
Ал кішіпейілге Ол назар аударады,
Тәкаппар адамды да алыстан ұғады.
7
Жүрсем де қақ ортасында қиын жағдайдың,
Уа, Ием, жанымды аман сақтайсың,
Кәрлі жауларыма қарсы қол жұмсайсың,
Мені құдіретіңмен қолдап-қорғайсың.
8
Осыны істейді мен үшін Жаратқан,
б
Рақымың, уа, Ием, ұласады әрқашан,
Бас тартпа бізден, өз жаратылысыңнан.

а  Немесе: «Тәңірлер» (Яки: өздерін «тәңір» деп есептейтін билеушілер: Жар 6:2).

ә  Яки: уәдеңді.

б  Яки: Жаратқан маған деген ниетін орындайды (56:3).