Забур жырлары  135
Ұлы кереметтер жасаған Жаратқан Иені мадақтау
1
Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
а
2
«Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар,
ә
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
3
Иелердің Иесін мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!


4
Жалғыз Өзі ұлы кереметтер жасайды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
5
Ол көкті даналықпен жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
6
Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
7
Аспанда үлкен шырақтар жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
8
Күндізді билейтін күнді жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
9
Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!


10
Ол Мысырды жазалап тұңғыштарын құртты,
б
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
11
Сол елден Исраилді бастап алып шықты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
12
Мұны зор құдіретімен жүзеге асырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
13
Қамысты теңізді қақ айырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
14
Ортасымен Исраил халқын алып шықты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
15
Перғауын мен әскерін теңізге батырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!


16
Ол өз халқын иен даламен бастап жүрді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
17
Ұлы патшаларға соққы берді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
18
Күшті патшалардың көзін құртты,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
19
Аморлықтар патшасы Сихонды жойды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
20
Әрі Башан патшасы Огты да жеңді,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
21
Олардың жерлерін иелікке тапсырды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
22
Құлы Исраилге мұралыққа табыстады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!


23
Нашар халімізде бізді назарында ұстады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
24
Жауларымыздың қолынан құтқарды,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
25
Ол барлық жан иелерін тамақтандырады,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
26
Көктегі Құдай Иені мадақтаңдар,
Рақымы Оның мәңгіге ұласады!

а  105:1; 106:1; 117:1,29; 134:3; Шеж1 16:34.

ә  Яғни шынайы Құдайды, Жаратқан Иені (85:10; Заң 6:4; 10:17).

б  Яки: Мысырға соққы беріп оның тұңғыштарының көздерін құртты (77:51; 134:8; Мыс 12:29).