Забур жырлары  133
Жаратқан Иені үздіксіз мадақтаңдар!
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)


«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері,
Иемізді дәріптей беріңдер!
Сендер Құдайдың киелі үйінде
Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
2
Киелі орнына қарай қол жайып
а
Иемізді мадақтай беріңдер!»


3
«Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған
Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»

а  Немесе: Кінәратсыз қасиетті қолдарыңды жайып (Тім1 2:8).