Забур жырлары  132
Құдай халқының ынтымақтастығы
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)


Бауырлардың ынтымақта тұрғандары
Қандай тамаша да жарасымды!


2
(Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда)
Басына құйылған жұпар май іспетті,
Ынтымақтастық та аса ізгілікті!
Сол иісмай Һаронның басынан сақалына,
Киімінің етегіне дейін аққан еді.
а


3
Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —
Хермон тауына түсетін шық тәрізді.
Бұл шық Сион тауына да түседі,
Жердің бәрін құнартып, көгертеді.
Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді
Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.

а  (Мыс 29:7,21; 30:23-25,30; 40:13,16) Немесе: Киімінің жағасына дейін аққан еді.