Забур жырлары  131
Құдайдың Дәуітке берген уәдесін есіне салып Сион үшін сиыну
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)


Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсірші
Қиындық молынан көрген Дәуітті.
2
Ол Жаратқан Иеге уәде етті,
Жақыптың
а
сиынатын құдіретті
Құдайына былай деп ант берді:
3
«Мен кірмеймін үйімнің ішіне,
Әрі жатпаймын төсегіме,
4
Ұйқы бермеймін көздеріме,
Мүлгітпеймін кірпіктерімді,
5
Жақыптың сиынатын құдіретті
Құдай Иесіне жер бетіндегі
Тұрағын салып бермейінше».


6
Сандықтың Ефратада екенін естідік,
Иғарым даласынан оны таптық.
ә
7
Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,
«Табан тіренішінде»
б
мінажат етейік.


8
Уа, Жаратқан Ие, көтерілші,
Тынығар киелі тұрағыңа кірші,
Сандығыңмен бірге — құдіретіңнің белгісі.
9
Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын,
Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын.
10
Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы,
Тағайындаған патшаңнан
в
бас тартпашы.


11
Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,
Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:
«Бір ұрпағыңды өзіңнен тараған
Мен сенің тағыңа отырғызамын.
12
Келісімім мен ережелерімді
Ұрпақтарың Өзімнен үйренеді.
Егер соларды ұстанатын болса,
Олардың ұрпақтары сенің тағыңда
Әрқашан отыратын болады да».


13
Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады,
Оның жердегі тұрағы болуын қалады:
14
«Бұл — Менің ұдайы тынығар тұрағым,
Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым.
15
Бұл қаланы өркендетіп, жарылқаймын,
Мұқтаждарын тамақпен қарық қыламын.
16
Дін қызметкерлеріне құтқаруды тапсырамын,
Өзіме адалдар ән-жыр айтып шаттансын.


17
Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын,
г
Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын,
ғ
18
Басындағы тәжін жарқыратамын,
Ал оның жауларын ұятқа қалдырамын».

а  Яғни Исраил халқының.

ә  Немесе: Ефрата аймағынан оны естідік, (Кирият-)Иғарым (Пат1 6:21; Пат2 6:2) даласында оған тап болдық.

б  98:5; Шеж1 28:2; Иш 66:1.

в  Яки: Май жағу рәсімі жасалған патшаңнан (2:2; Пат1 2:10; 10:1).

г  Немесе: Мұнда Дәуіт үшін бір мүйіз шығарамын. (Мүйіз осында Дәуіттен тараған бір күшті патшаны астарлап білдіреді: 148:14.)

ғ  17:29; Шеж2 21:7.