Забур жырлары  130
Құдайға сеніп тынышталу
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)


Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін,
Паңдана қарамайды көздерім менің,
Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын,
Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,
а
2
Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта.
Бейқам жүр сәби анасының қасында,
ә
Сол нәресте сықылды өз жаным да
Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.


3
О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге
Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!

а  Немесе: Қол жеткізбес (қияли) мақсаттарға да ұмтылмаймын.

ә  Немесе: Бейқам жатыр емшектен шығарылған (яки: еміп тойынған) бөбек анасының қасында.