Забур жырлары 128
Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жастайынан көріп келген қыспағы
Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2
«Жастайымнан мол көрдім қыспақты,
Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
3
Жон арқамда айдағандай соқаны
Ұзынынан созылған атызы қалды.
4
Бірақ Жаратқан Ие әділетті,
Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5
Сионды жек көрген дұшпандарының
Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6
Өспей жатып бірден қурап қалатын
Үй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:
7
Орақшының қолы соған талмайды,
Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8
«Жаратқан Ие сендерді жарылқасын,
Бата береміз Жаратқанның атымен»
Деп қастарынан өткендер тілемесін!