Забур жырлары  127
Құдай жолымен жүрген отбасының жарылқануы
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)


Жаратқан Иені қастерлейтін,
Оның жолдарымен жүретін
Әрбір адам қандай бақытты!


2
Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,
Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
3
Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері
а
сияқты.
4
Жаратқан Ие осылай жарылқайды
Өзін терең қастерлеген жандарды.


5
Сион тауындағы киелі үйінен
Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.
Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
6
Көресің һәм немерелеріңнің қызығын.


Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

а  Зәйтүн ағашы ұзақ жыл өсіп, мол жеміс беруімен әйгілі.