Забур жырлары 126
Жақсылық атаулының бастауы — Жаратқан Ие
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)
Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,
Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.
Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,
Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.
2
Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар,
Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар.
Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына
Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.
3
Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген,
Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
4
Адамның жас кезінде туған балалары
Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,
5
«Қорамсақтарын» солармен толтырған
Кісілер қандай бақытты болған,
Қарсыластарымен биге барғанда
Қалмайтын болады олар масқараға.