Забур жырлары  124
Жаратқан Ие — өз халқының қорғаны
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)


Жаратқан Иеге сенім артқандар
Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.
2
Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,
Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,
Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
3
Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін,
Зұлымдардың оларға билігі шектелген.
а


4
Мейірімділер мен ақпейілділерге
Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!
5
Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен
Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен.


Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

а  Яки: Зұлымдардың асатаяғы (яғни билігі) әділдердің мұралық жерінің үстінде мәңгі болмайды.