Забур жырлары  123
Құтқарушы Құдай мадақталсын!
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)


«Егер де Жаратқан жар болмағанда, —
Деп Исраил мойындасын әр уақытта, —
2
Егер де Жаратқан жар болмағанда,
Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
3
Бізге қарсы қаһары жалындағанда,
Олар бізді тірідей жұтар еді,
4
Су ағымындай басып тастар еді,
Тасқын судай бізді тұншықтырар еді,
5
Буырқанған судай басып өтер еді».


6
Олардың тістеріне бізді қимаған
Жаратқан Ие мадақталсын әрқашан!
7
Аңшының торынан құтылған құстаймыз:
Тор жыртылды, енді міне, біз азатпыз!


8
Біз қолдау күтетін бірден-бір есіміміз —
Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз!