Забур жырлары  122
Жәбір көріп жүрген сенушінің мінажаты
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)


Назарымды Өзіңе аударамын,
Уа, көкті мекендеуші Құдайым!
а
2
Құлдың көзі қожайынының қолынан,
Күңінің көзі ханымының қолынан
Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан
Көз алмаймыз рақым көргенше Одан.


3
Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие,
Мейіріміңді түсіре гөр біздерге,
Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,
4
Жанымыз тойды менменнің қорлауына,
Паңдардың бізді балағаттауына.

а  Яки: Уа, көктегі тағыңда отырушы (Құдайым)!