Забур жырлары  120
Құдайға сиыну жыры және сапар бата 
1
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) 
 
«Тауға көзді қадаймын 
Қайдан жәрдем келер деп. 
Құдай Ием маған жар». 
3
«Тайдырмайды Ол табаныңды, 
 
Ұйықтамайды Қорғаушың, 
4
Исраилді Қолдап-қорғаушы 
 
Қалғымайды да ұйықтамайды. 
5
Қорғаушың — Жаратқан Ие, 
 
Қасыңда Ол саяң болып жүреді, 
6
Күндіз күннің, түнде айдың 
 
Тимесін деп сәулелері. 
Жаратқан Ие сені сақтайды, 
Жаныңды Ол қорғап-қолдайды. 
8
Бүгіннен бастап мәңгі бақи 
 
Иеміз қорғайтын болады 
Барып-келу сапарыңды».