Забур жырлары 12
Құдайдың ажалдан құтқаруын аңсау
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2
Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың?
Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
3
Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,
Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?
Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
4
Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр,
Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
5
Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын,
Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.
6
Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын,
Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын,
Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.