Забур жырлары  115
Мүшкіл халден құтқарған Жаратқан Иені дәріптеу
а
1
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім,
Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
2
Үрейім ұшып, тым абыржыған едім,
«Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.


3
Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын
Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
4
Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын
Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,
ә
5
Жаратқанға берген анттарымның барлығын
Бүкіл халқы алдында іске асырамын.


6
Иемізге бағышталған адамдарының
Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.
б
7
Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін,
Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын,
Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.


8
Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,
Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.
в
9
Жаратқанға берген анттарымның барлығын
Бүкіл халқы алдында іске асырамын:
10
Иемнің киелі үйінің ауласында,
Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.


Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!

а  Бірнеше шетелдік тілдердегі аудармаларда осы жырдағы аяттар 116:10-19 деп көрсетілген.

ә  Яки: Жаратқан Иенің атымен сиынамын.

б  (114:3-6,8-9) Немесе: Жаратқан Иеге бағышталған (қасиетті) адамдарының ажалы (яки: өлімі) Жаратқан Ие үшін құнды (яғни маңызсыз емес) (71:14).

в  Немесе: Жаратқан Иенің атымен сиынамын (115:4).