Забур жырлары  114
Ажалдан аман сақтағаны үшін Құдайды даңқтау
1
а
Қатты сүйемін Жаратқан Иені,
Жалынған даусымды Ол естіді,
2
Иә, Ием құлақ түрді маған,
Өмір бойы сиынбақпын Оған.


3
Өлімнің торы жан-жақтан шырмады,
Ажалдың азабы мені қинады,
Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
4
Жаратқанның атын атап сиындым:
«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым.


5
Жаратқан Ие әділ де рақымды,
Біздің Құдайымыз сондай қайырымды!
6
Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,
Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды.


7
Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием,
Мол игілік жасады Жаратқан Ием.


8
О, Жаратқан, Сен жанымды өлімнен
Құтқардың һәм көзімді жас төгуден,
Аяғымды сақтадың сүрінуден.
9
Осылай мен тірілердің ғаламында
ә
Жүремін Жаратқанның көз алдында.

а  Бірнеше шетел тілдеріндегі аудармаларда осы аятпен 116-жыр басталады.

ә  Яки: тірілердің (жарық) әлемінде (55:14).