Забур жырлары 112
Мұқтаждың жанашыры — ұлы Құдай
1
Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар,
Жаратқанның есімін мадақтаңдар!
2
Қазіргі кезден мәңгілікке дейін
Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!
3
Күннің шығысынан батысына дейін
Жаратқанның есімі қастерлене берсін!
4
Жаратқан бар ұлттардан да жоғары,
Оның салтанаты аспаннан да жоғары.
5
Кім Құдайымызға тең бола алады?
Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,
6
Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
7
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,
Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.
8
Оларды әміршілермен бірге отырғызар,
Халқының көсемдерімен жайғастырар.
9
Бедеу әйелді отбасымен жарылқар,
Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар.
Жаратқан Иені мадақтаңдар!