Забур жырлары  111
Жаратқан Иені қастерлейтін жан жарылқанған
1
Жаратқан Иені мадақтаңдар!


Иеміздің өсиеттерінен ләззат тапқан,
Оны қастерлейтін жан жарылқанған.
а


2
Әулеті оның елде күшті болады,
Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,
3
Оның үйінде байлық-дәулет жиналады,
Әрі әділдігі мәңгі есте қалады.
4
Турашыл жанға түнекте таң атады,
ә
Ол рақымды, мейірбан, әділ болады,
5
Мұқтажға қайырыммен қарыз береді,
Әрі істерін әділдікпен жүргізеді,
б
Содан оның өзі де жақсылық көреді.


6
Шүбә жоқ, ол ешқашан шайқалмайды,
Әділ жан жұрттың есінен шықпайды.
7
Сондай адам қауесеттен қорықпайды,
Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды,
8
Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді,
Соңында жаулардың жеңілісін көреді.
9
Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,
Оның әділдігі мәңгіге ұласады,
Абыройы да жоғарылайтын болады.


10
Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,
Тісін қайрап, қалжырап қажиды,
Зұлымдардың аңсағаны құриды.

а  Яки: Оны қастерлеуші — бақытты жан.

ә  22:4.

б  Немесе: Сотта сөздері нық болады.