Забур жырлары 110
Жаратқан Иенің мәңгілік әділдігі
1
Мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Мақтау айтамын Жаратқан Иеге,
Халық жиылып, әділдер кеңескенде.
2
Қандай ұлы — Жаратқанның істері,
Оларды ұнатқандар терең зерттейді.
3
Оның істері ұлы да салтанатты,
Әділдігі мәңгілікке ұласады.
4
Ол кереметтерін есте қаларлық қылды,
Иеміз шапағатты да қайырымды,
5
Өзін қастерлейтінді аспен қамтиды,
Келісімін ұдайы есінде сақтайды.
6
Ол құдіретті істерін халқына көрсетті,
Өзге ұлттардың жерін оған мұра етті.
7
Жаратқанның істері адал да әділетті,
Оның бұйрықтары да түгел сенімді,
8
Олар мәңгілікке берік негізделген,
Әрі орындалады шындықпен, адалдықпен.
9
Жаратқан Ие өз халқын азат етті,
Келісімін мәңгілікке бекітті,
Есімі Оның киелі де қасиетті.
10
Даналықтың бастауы — терең қастерлеу
Жаратқан Иені әрі Оған шын бағыну,
Мұны ұстанған әркім парасатты болады.
Иеміз мәңгі бақи мадақталады!