Забур жырлары  11
Арсыздардың құрсауынан құтқаруды өтінген мінажат
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)


2
Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,
Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!
3
Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады,
Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.


4
Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатын
Тоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.
5
«Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі!
Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.


6
«Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,
Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —
Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».
а


7
Жаратқанның сөздері таза да сенімді,
Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.
ә
8
Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың,
Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.
9
Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді,
Адамдар арасында арсыздық
б
дәріптеледі.

а  Немесе: Қауіптен қорғаймын Мен соны аңсағандарды.

ә  65:10.

б  Немесе: арсыздар.