Забур жырлары  109
Жаратқан Ие тағайындаған ұлы патша 
Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан: 
«Мен жауларыңды табаныңның астына 
Салып бергенімше отыр оң жағымда». 
2
Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің, 
 
Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің, 
3
Сен патшалық құрған күні бағынады халқың. 
 
Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, 
Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты, 
Сен де ұдайы жасара түсетін боласың. 
4
Жаратқан былай деп ант берген еді, 
 
Онысын ешқашан да өзгертпейді: 
«Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің, 
Мәңгі сондай болып қала да бересің!» 
5
Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады, 
 
Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады, 
6
Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды, 
 
Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады. 
7
Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады, 
 
Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.