Забур жырлары  100
Әділ патшаның анты
1
(Дәуіттің жыры.)


Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын,
Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын.


2
Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын,
«Қашан маған келесің?» деп сұраймын,
Таза жүрекпен үйімді
а
аралаймын.
3
Арам нәрселерге еш көз салмаймын,
Опасыздардың
ә
істерін мүлдем ұнатпаймын,
Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.


4
Азғын жүректіні қасымнан қуамын,
Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
5
Өзгені құпия жамандайтынды жоямын,
Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.
6
Елдегі адалдарға назар аударамын,
Олар аман-есен қасымда тұра алсын,
Таза жүргендер ғана маған қызмет қылсын.


7
Ешбір алдамшы сарайымда тұрмайды,
Жалған сөйлеуші көз алдымда қалмайды.
8
Таң атқаннан зұлымның бәрін басамын,
Жаратқанның қаласынан сұмдарды құртамын.

а  Яки: сарайымды (100:7).

ә  Ош 5:2.