Забур жырлары  10
Жаратқан Иенің шексіз әділдігі мен ұлылығы
1
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)


Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені,
Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені:
«Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»
2
Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда,
Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
3
Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?


4
Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,
Өзінің киелі ғибадатханасында,
Иеміз бақылайды барлығын да,
Сын көзбен қарайды адам баласына.
5
Жаратқан Ие әділдерді тексереді,
Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,
6
Залымдарға жаудырады жанған көмірді
Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті,
Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.


7
Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,
Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.