Забур жырлары  1
Бірінші жазба
Беташар жыр: шынымен бақытты адам
1
Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
а
2
Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,
ә
Күні-түні сол туралы ойланады.
3
Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:
Сол мерзімінде жемісін береді,
Жапырақтары кеуіп те сембейді,
Не істесе де, ол табысқа жетеді.


4
Ал құдайсыздарда солай болмайды,
Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
5
Құдай сотында ақтала алмайды,
Әділдер қауымында орны болмайды.


6
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,
Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.

а  (25:4,5; Ерм 15:17) Яғни қасиетті атаулыны менсінбей мазақтайтындармен араласпайды.

ә  Яки: Жаратқан Иенің (Таурат) заңынан рақат табады.