Нақыл сөздер  9
Даналықтың «тойына» шақыруы
1
Даналық өзінің үйін салған еді,
Оның жеті діңгегін қойған еді,
2
Енді сусынын даярлап,
а
малын сойды,
Тамаша дастарқанын жайып қойды,
3
Адамдарға қызметшілерін жұмсады,
Олар қаланың биігінен жар салады:
4
«Мұнда келіңдер!» деп шақырады
Бар аңғалдарды және ақылсыздарды:
5
«Кәне, келіп, дәм татыңдар асымнан,
Ішіңдер дайындаған сусынымнан!
6
Надандықты тастап, шынайы өмір сүріңдер,
Лайым ақыл-парасат жолымен жүріңдер!»


7
Мысқылшылға сөгіс берген масқара болар,
Зұлымға ескерткенге
ә
мін тағылар.
8
Мысқылшылға ескертпе, сені жек көрер,
Дана жанға ескерт, ол сені сүйер.
9
Дана жанға тәлім бер, даналығы өсер,
Әділді де үйрет, білімі көбейер.


10
Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну,
Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды
Және Оның еркін жақыннан тану.


11
Даналықпен көрер күнің көп болар,
Парасатпен жасыңа жас қосылар.
12
Дана болсаң, пайдасын өзің көрерсің.
Мысқылшыл болсаң, зиянын өзің шегерсің.
Надандықтың шақыруы
13
«Надан әйел» даурыға айқайлайды,
Өзі аңғал, мән-жайларды ұғынбайды.
14
Үйінің есік алдында орындыққа
Отырады ол, қаланың биік орнында.
15
Тура жолмен өтіп бара жатқандарға
«Надан әйел» дауыстап жар салуда:
16
«Мұнда келіңдер!» деп шақырады
Бар аңғалдарды әрі ақымақтарды:
17
«Ұрлап ішкен су сондай тәтті екен!
Тығып жеген нан сондай дәмді екен!»
18
Адамдар білмейді бұрын шақырылғандардың
Өлік болып көр түбінде
б
жатқандарын.

а  Немесе: Енді шарабын (су мен дәмдеуіштерге) араластырып дайындап.

ә  Яки: Зұлымды әшкерелегенге.

б  Яки: о дүниенің тереңінде.