Нақыл сөздер  31
Лемуел патшаның нақыл сөздер жинағы
1
Лемуел патшаның қалдырған сөздері,
шешесінің оған айтқан нақылдары:


2
Уа, балам менің, құрсағымнан шыққан ұлым менің,
Уәде беріп,
а
Құдайдан сұрап алған балам менің!
3
Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,
Шашыратпа оларға қуатыңды,
Тағынан тайдырды олар талай патшаларды.


4
Уа, Лемуел,
Патшаларға шарап ішу жарамас,
Әміршілерге ішімдік
ә
аңсау жараспас.
5
Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар,
Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар.
6
Өлімшіге ішімдік берілер,
Қиналғанға шарап берілер,
7
Ішіп алып, мүшкіл халін ұмытсын,
Қайғы-қасіретін енді еске алмасын.


8
Ал сен, өзі үшін үндей алмайтындардың
Сөзін сөйлеп, ісін қорға байғұстардың.
9
Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы,
Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы!
Жазбаның соңындағы мақтау жыры
Жақсы әйел — даналықтың үлгісі
10
Еңбекқор,
б
жақсы әйелді кім таба алар?
Ол інжу-маржаннан
в
да бағалы болар!


11
Күйеуі оған толықтай сенім артады,
Ешқандай игіліктен ада қалмайды.
12
Өмір бойы оның күйеуіне жасары
Жамандық емес, жақсылық қана болады.


13
Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,
Қол жұмысын да ынтамен жасайды.
14
Жер шарлаған саудагер кемесі секілді
Алыстан да азық-түлігін әкеледі.
15
Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,
Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,
Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.


16
Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,
Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,
17
Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.


18
Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,
Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.
19
Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,
Дем алмастан иіреді ол ұршығын.


20
Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,
Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.
21
Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,
Бәрі де қос-қостан киімдерін
г
киеді.
22
Әйел әсемдеп тоқып төсек жабынын,
Бәтес,
ғ
қызыл жүннен тігеді киімін.


23
Күйеуінің атағы кең жайылады,
Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.
д


24
Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,
Белбеумен де саудагерді қамтиды.
25
Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,
Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.


26
Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,
Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.
27
Үй шаруасын мұқият бақылайды,
Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.


28
Балалары тұрып, аналарын дәріптейді,
Күйеуі де оны былай деп құрметтейді:
29
«Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,
Бірақ барлығынан да асып түстің сен!»


30
Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,
Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.
31
Беріңдер оған еңбегінің тиісті зейнетін,
Істері үшін жұрт алдында ол дәріптеле берсін!

а  Пат1 1:11.

ә  Немесе: сыраны.

б  Түпнұсқа мәтінінде осы аяттан бастап аяттардың алғашқы әріптері әліпби ретімен берілген (поэзиялық тәсіл).

в  Яки: асыл тастардан.

г  Немесе: қызыл жүн киімдерін.

ғ  Яки: Құнды ақ кенеп мата.

д  Яки: Күйеуіне қала қақпасының маңындағы алаңда құрмет көрсетеді, сол жерде ол елдің ақсақалдарымен отырып, кеңеседі (1:21; 24:7).