Нақыл сөздер  30
Жәке ұлы Ағұрдың нақыл сөздер жинағы
1
Мынау Жәке ұлы Ағұрдың сөздері: Осы адамның Ітиелге, Ітиел мен Ұқалға білдірген Құдай Рухының хабары.
а


2
Адамдардың білімсізі шынында менмін,
Адамға тән түсінігім де жоқ менің.
3
Даналықты оқып-үйренген емеспін,
Киелі Құдайды
ә
жақыннан таныған емеспін.


4
Кім аспанға көтерілген?
Кім қайтадан жерге түскен?
Кім желді уысында ұстай алар?
Кім мұхитты шапанымен орап қояр?
Кім жердің шегін орнатқан?
Өзі мен Ұлының аты кім?
Білсең соны айтып берші маған.
б


5
Құдайдың барлық сөздері пәк таза,
Ол қалқандай Өзін паналайтындарға.
6
Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа,
Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар,
Өтірігің ашылып жария болар.


7
Уа, Ием, сұраймын Сенен екі-ақ нәрсе,
Көзім жұмылғанша соларды аямашы:
8
Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы,
Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы,
Тек бере гөр күнделікті нанымды.
9
Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?»
Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін,
Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін,
Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.


10
Жамандама қожайынына қызметшісін,
Әйтпесе қызметші сені қарғап, зиянын шегерсің.


11
Бір ұрпақ
в
бар, олар әкелерін қарғайды,
Шешелеріне де алғыс айтпайды,
12
Олар арамдығынан жуынып тазармайды,
Алайда өздерін пәк таза санайды.
13
Көздері сондай асқақ, тәкаппар,
Кірпіктерін жоғары көтереді олар.
14
Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай,
Олардың жақтары өткір пышақтай,
Жарлыны жер бетінен жалмап құртар,
Мұқтажды адамзат арасынан аластатар.


15
Сүліктің екі сорғышы үнемі
«Бер маған! Берші!» деп талап етеді.
г


Мына үшеу де тойым білмес,
Тіпті төртеуі де «жетер» демес:
16
Қабірдің қара топырағы,
Әйелдің бедеу құрсағы,
Суға қанбас шөлейт жер,
«Жетер» демес ашкөз өрт.


17
Әкесін мазақтап келекелеген,
Шешесін тыңдамай менсінбеген
Жанның көздерін шоқыр сайдағы қарғалар,
Әрі құзғынның балапандары жеп қояр.


18
Таңғалдырар мені үш, тіпті төрт нәрсе бар,
Шамам жоқ менің оларды ұғына алар:
19
Аспанда самғар қыранның жолы,
Жартаста жылжыған жыланның жолы,
Теңізде жүзген кеменің жолы,
Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы.


20
Азғын әйел жолы да таңдандырар:
Ол ішіп-жеп, аузын сүртер,
«Еш жамандық істемедім» дер.


21
Мына үшеуден солқылдар жер,
Төртеуіне де төзе алмас жер:
22
Құл патша болғанда,
Ақымақ асқа тойғанда,
23
Қараниет қыз
ғ
күйеуге шыққанда,
Ханымның орнын күңі басқанда.


24
Мына төртеу жердегі кішкенесі,
Алайда олар даналардың данасы:
25
Құмырсқа қауымы зор күштен ада,
Ал қысқы азығын жинайды жазда.
26
Әлсіздің бірі — тау тышқаны,
д
Ал інін ол жартасқа салады.
27
Шегірткеде болмайды патша,
Алайда сап түзеп, аттанады жұмыла.
28
Кесірткені қолмен де ұстап алады,
Бірақ ол патша сарайынан да табылады.


29
Қадамын нық басады мына үшеу,
Айбынды қозғалады мына төртеу:
30
Хайуандар арасындағы батыры — арыстан,
Еш нәрседен қаймығып шегінбес жолынан.
31
Ерттелген тұлпар
е
не қой бастар серке,
Әскерін жинап аттанған патша.


32
Егер асқақтанып ақымақ болсаң,
Не басқаға жамандық ойлап тұрсаң,
Ұялып, жап аузыңды қолыңменен.
33
Себебі қаймақты былғасаң май алғандай,
Біреудің мұрнын ұрсаң қан шыққандай,
Ашу қоздырсаң жанжал туар дәл осылай.

а  Немесе: Мынау масалық Жәке ұлы Ағұр есімді адамның айтқан нақыл сөздері: Уа, Құдай, тырыстым, о, Құдай, тырысып едім, ал қатты шаршадым.

ә  Немесе: Қасиетті адамдарды.

б  8:22-31; Әйүп 38:1,4-5; Жох 1:1-3; Қол 1:16-17.

в  Яғни буын.

г  Немесе: Сүліктің екі «қызы» бар, олар: «Бер маған! Берші!» дей береді.

ғ  Немесе: Жек көрінген әйел (Жар 29:31-32).

д  Таяу шығыстың түрлі өлкелерінде өмір сүретін қорқақ, үлпек жүнді кішкентай аң.

е  Немесе: Қоқиланған қораз.