Нақыл сөздер 25
Сүлеймен патшаның тағы бір нақыл сөздер жинағы
Билеушіні төзімділікпен сендірер
1
Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері. Оларды жинақтағандар — Яһуда елінің патшасы Езекияның қызметкерлері.
2
Істі құпиялау — Құдайдың даңқы,
Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы.
3
Аспанның заңғар, жердің терең екеніндей,
Патшаның ой-ниетін білмес ешкім түгелдей.
4
Күмісті балқытып қоқыстан аластатар,
Саф күмістен зергер құнды ыдыс жасар,
5
Дәл солай патшадан сұмдарды алшақтатыңдар,
Патшаның тағы сонда әділдікпен нығаяр.
6
Патша алдында асқақтама,
Ұлықтар орнына тұрып алма,
7
Мырзаңның көз алдында ұялғанша,
Саған игі, «төрге шық» деп шақырса.
Көргеніңді сотқа айтуға асықпа,
8
Қарсыласың жеңіп шықса соңында,
Қайтесің өзіңді масқара қылғанда?
9
Көршіңмен мәселеңді жеке талқыла,
Басқа адамның бірақ сырын ашпа.
10
Әйтпесе естіп қалған сені балағаттар,
Масқараң өзіңде мәңгілік қалар.
11
Орнымен айтылған сөз күміс табаққа
Салынған алтын алмадай тамаша.
12
Тыңдайтын құлаққа дананың әшкересі
Алтын сырға мен саф алтын әшекей іспетті.
Сергіткен қар секілді,
Қожайынының жанын сергітеді
Жіберген сенімді елшісі.
14
Бермес сый-тартуымен мақтанушы
Құрғақ жел һәм жаумас бұлтқа ұқсайды.
15
Билеушіні төзімділікпен сендірер,
Қарсыласты майда тілмен көндірер.
Же оны шамаңа қарап,
Артық жеп қойсаң
Жиренерсің құсып тастап.
Кетірме қадіріңді,
Әйтпесе сенен мезі болып
Жек көріп кетер өзіңді.
18
Өзгеге қарсы жалған куә болған —
Сойыл, семсер, үшкір жебедей қауіпті жан.
19
Опасызға үміт арту апатты күні,
Бұл — сынған тіс, сал болған аяқ іспетті.
20
Салқын күні басқаның шапанын тартып алған,
Яки жарақатқа сірке су құйған жан
Сияқты — қайғылыға көңілді өлең айтқан.
Таспен атқанды аспен ат!
21
Жауың сенің аш болса тамақтандыр,
Егер ол шөлдесе шөлін қандыр!
22
Сен осылай етіп басына оның
Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың,
Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын.
23
Сөз жоқ, солтүстік самал жаңбыр жаудырар,
Жала жапқыш тіл ашулы кейіп туғызар.
24
Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша,
Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша.
25
Алыс елден әкелінген жақсы хабар
Шөлдегенге берілген салқын суға ұқсар.
26
Арамзадан қорқып, көнген әділ жан —
Бүлінген құдық пен бұлақтай лайланған.
27
Балды тым көп жеу пайдалы емес,
Өз даңқы үшін ұмтылу абырой бермес.
28
Өзіне ие бола алмайтын жан
Қорғансыз қаладай, қамалы құлаған.