Нақыл сөздер  24
19
1
Зұлымдарды күндеме,
Қосылуды көксеме,
2
Ойлары — зорлық ету,
Сөздері — сұмдық істеу.
20
3
Даналықпен үй салынар,
Парасатпен берік болар,
4
Білгірлікпен үйдің іші
Әр түрлі әсем дүниеге толар.
21
5
Дананың қуаты басым болар,
Білгірдің күші нығайып толар.
6
Соғысты ақыл-кеңеспен басқар,
Кеңесшісі көп жеңіп шығар.
а
22
7
Даналық тым жоғары ақымаққа,
Аузын ашпас ол даналар бас қосқанда.
ә
23
8
Сұмдық жасауды жоспарлаған жан
Арам ниетті деп аталған.
9
Ақылсыздың арам ойы күнәкар,
Мысқылшыл жан жұртқа жексұрын болар.
24
10
Тап болған қиындыққа мойығаның —
Тым аздығы бойыңдағы қуатыңның!
25
11
Ажалға айдалып бара жатқандарды құтқар,
Қырғынға теңселіп бара жатқандарды қайтар!
б
12
«Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?
Жүрек түкпірін сынайтын
Жаратқан шындықты білмей ме?
Ұдайы жаныңды бақылайтын
Тәңір Ие білмей қалар дейсің бе?
Ісіне қарап әрбір жанның
Қарымтасын Ол береді де.
26
13
Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,
Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті,
14
Дәл солай даналық та жаныңа игілікті:
Оны тапсаң жарқын болар келешегің,
Әрі еш үзілмес үмітің сенің.
27
15
Әй, сұрқия, тосқауылдан көз салма
Әділетті жанның тұрағына,
Оның жайлы мекенін ойрандама!
16
Жеті рет жығылса да әділ жан,
Қайта тұрып кетер орнынан,
Ал зұлым құрып кетер апаттан.
28
17
Жығылса жауың соған қуанба,
Сүрінсе мәз болып табалама!
18
Әйтпесе Жаратқан саған наразы болар,
Жауыңа деген қаһарынан қайтар.
29
19
Зұлымдарға ызаланба,
Арамзаларды қызғанба,
20
Болашағы жоқ зұлым жанның,
Шырағы ерте өшер зымиянның.
в
30
21
Балам, Жаратқанды терең қастерле,
Мойынсұнып патшаңды да құрметте,
Ал бүлікшімен ешқашан бірлеспе!
22
Қосылсаң оған, кенет пәлеге ұшырарсың,
Кім білер Жаратқан мен патшаның үкімдерінің
Сондай бүлікшіні неге бұйыратындарын?
Ежелгі даналардың нақыл сөздер жинағы
23
Даналар мына нақылдарды да қалдырған.


Адамды алалау сот ісінде,
Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе.
24
Айыптыны «әділ» деп ақтаған төрені
Халықтар қарғап, ұлттар жек көреді.
25
Ал айыптыны әшкерелегендер
Мол игілік пен жарылқауға кенелер.
26
Әрқашан адал жауап қайтарушы
Бетіңнен сүйген досыңа ұқсайды.


27
Алдымен сыртқы шаруаңды бітір,
Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір,
Содан соң барып, шаңырақ көтер.


28
Жақыныңа жала жаппа,
Аузыңнан өтірік шығарма!
29
Мынаны да айтушы болма:
«Ол не нәрсе істесе маған,
Мен де соны істеймін оған,
Ісіне қарап мен оның қарымтасын
Қалай да қайтаратын боламын!»


30
Бірде мен өттім жалқаудың жерінен,
Ақылы аздың жүзімдігінен,
31
Қарасам, бәрін тікен басыпты,
Ішіне қалақай
г
қаптап кетіпті,
Қоршаған тас дуалы қирап қалыпты.
32
Бұған қарап, ойға шомып қалдым,
Өзім үшін мынадай сабақ алдым:
33
Біраз ұйықтап, аздап мызғып отырсаң,
Аз-аздан қол қусырып жата берсең,
34
Сонда қарақшыдай боп жоқшылық,
Қарулы тонаушыдай боп тапшылық
Жетіп келер саған бас салып.

а  Немесе: Кеңесшісі көп аман сақталар.

ә  Немесе: Аузын ашпас ол қала қақпасында. (Қала қақпасының маңындағы алаңда билер мен ақсақалдар кеңесіп, дауларды шешетін: 1:21; 31:23.)

б  17:15; Жыр 81:3-4; Иш 58:6-7.

в  Яғни қара ниетті адамның (22:5).

г  (Әйүп 30:7) Яғни арам шөп.