Нақыл сөздер  23
6
1
Әміршімен дастарқандас болған уақытыңда
Алдыңда кім отырғанын есіңде ұста.
а
2
Қомағай да ашқарақ болып жүрме,
Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге.
3
Әміршінің дәмді тағамдарына болма құмар,
Мүмкін, ол қу ниетпен ұсынған шығар.
7
4
Бай боламын деп өзіңді зорықтырма,
Даналық бар сондай ойдан бас тартқанда.
5
Байлыққа көзіңді салсаң, ол қанат бітіп
Аспанға ұшқан бүркіттей лезде болар ғайып.
8
6
Сараңның асын ішпе,
Дәмді тағамдарын көксеме.
7
Ол қара басының ғана қамын ойлайды,
«Ішіп-же» деп сені қолпаштайды,
Бірақ онысын шын жүректен айтпайды.
8
Аз-кем жеген асыңды кейін құсып тастарсың,
Зая кетер инабатты айтқандарың.
9
9
Ақымаққа бекер айтпа сөздеріңді,
Ол менсінбейді ғой берген кеңесіңді.
10
10
Ежелгі межені жасырын жылжытпа,
Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа!
11
Өйткені оны Қорғаушы қуатты,
Мүддесін қорғап саған қарсы тұрады.
11
12
Санаңды тәлімге бұр,
Құлағыңды нақылға түр.
12
13
Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме,
Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,
14
Шектеу қойып, оны жөнге салсаң,
Ажалдан жанын аман сақтарсың.
13
15
Балам, егер шынымен дана болсаң,
Жүрегім қатты шаттанады бұған,
16
Ақиқат сөздер ғана шықса аузыңнан,
Қуанышым қойныма сыймайды соған.
14
17
Күнәкарларды ешқашан күндеме,
Тәңір Иені әр күні шын қастерле!
18
Сонда болар жарқын келешегің,
Әрі үзілмес сенің күдерің.
15
19
Ақылды бол, балам, мені тыңда,
Жүрегіңді тура жолға бағытта:
20
Шарап ішіп, етке тоймас
Мешкейлерге сен қосылма!
21
Мешкейлік, маскүнемдік жарлы қылар,
Ұйқышылдың киімі тоз-тоз болар.
16
22
Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді,
Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.
23
Шындықты тауып, оны ешқашан сатпа:
Ие бол даналық, тағылым мен парасатқа.
24
Әділдің әкесі қатты қуанады,
Дананың шешесі де шаттанады.
25
Осылай ата-анаң шаттана алсын,
Иә, туған анаң әндетіп қуансын!
17
26
Балам, жүрегіңді маған бағышта,
Риза бол
ә
өзіңді жүргізетін жолдарыма!
27
Себебі азғын әйел — түпсіз шыңыраудай,
Түскен адам шыға алмас тар құдықтай.
28
Бөтен әйел қарақшыдай торуылдап күтер,
Опасыз жандардың санын көбейтер.
18
29
Кімде пәле, қайғы, жанжал бар?
Кімде шағым, қажет емес жара бар?
Кімнің көзі көреді бұлыңғыр?
30
Мұның бәрі шарап ішіп,
Ұзақ отыратындарда болар,
Ішімдіктерді араластырып,
Дәмін тататындарда болар.


31
Сен шараптың қалай қызарып,
Тостағанда құбыла жалтырап,
Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанына
Лайым қызықтап қарайтын болма!
32
Әйтпесе ол соңында жыландай шағып алар,
Денеңе сұр жыландай уын шашар,
33
Көз алдыңа елестеп бөгде бейнелер,
Жүрегіңнен шығар жаман сөздер;
34
Сонда ұқсарсың теңіздің қақ ортасында
Кеме діңгегінің ұшар басында
Ұйықтап жатқан сорлы жанға;
35
Былай дерсің: «Ұрғанда ауырмады ешбір жерім,
Итергенде мені түк те сезбедім,
Оянғанда тағы да ішімдікті іздеймін».

а  Немесе: Алдыңа не қойылғанын жақсылап байқа.

ә  Яки: Назар сал.