Нақыл сөздер 22
Ізгі атағың бағалы зор байлықтан
1
Ізгі атағың бағалы зор байлықтан,
Жақсы абыройың құнды күміс-алтыннан.
2
Бай мен жарлының ортақ қасиеті:
Екеуін де жаратты Тәңір — Құдай Иелері.
3
Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,
Аңғал адам жүре беріп, зиян табар.
4
Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер
Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.
5
Зымиянның жолы тікен мен торға толған,
Өзіне сақ болған аулақ жүрсін содан.
6
Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
7
Бай адам жарлыға үстемдік құрар,
Қарыздар қарыз бергеннің құлы болар.
8
Әділетсіздік сепкен пәлені орар,
Оның қаһарының сойылы сынып қалар.
9
Жомарт жан жарлымен нанын бөлісер,
Құдайдың жарылқауына кейін кенелер.
10
Қорлаушыны қусаң, жанжалдан арыларсың,
Ұрыс-керіс, балағаттан ада боларсың.
11
Жүрек пәктігін жақтыратын,
Ұнамды сөздерді айтатын
Жанға патша да болар жақын.
12
Жаратқан Ие білімге қырағы болар,
Опасыздардың істерін Ол құлдыратар.
13
«Далада арыстан бар, алаңда көзімді құртар»
Деп жалқау ұдайы сылтау айтар.
14
Азғын әйелдің сөздері — терең шыңырау,
Тәңір Ие жақтырмаған пенде соған құлар-ау.
15
Баланың жүрегінде надандық бар,
Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
16
Баюы үшін кедейге жәбір көрсететін
Әрі байға сыйлықтар бере беретін
Адам болады кедейленетін.
Отыз таңдаулы нақыл сөз
17
Даналардың айтқандарын құлақ түріп тыңда,
Бермек тәліміме зейініңді бағышта!
18
Игі болар оларды есіңде сақтасаң,
Әрі аузыңнан да ешбір тастамасаң.
19
Сенімің болсын деп Жаратқан Иемізде,
Осыны бүгін үйретемін дәл өзіңе.
20
Саған ақыл-кеңес пен білім беру үшін
Мына отыз нақылды жазған едім,
21
Ақиқат, адал сөздер үйренуің үшін,
Өзіңді жібергенге дәл жауап беруің үшін:
1
22
Жарлыны жарлы деп тонама,
Бейшараны дау сотында қыстама!
23
Солардың мүдделерін Жаратқан Ие қорғайды,
Оларды тонағандардың өздерін тонайды.
2
Ашушаңмен байланыспа.
25
Әйтпесе өзің соған еліктейсің,
Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.
3
26
Қол алысып, бөтеннің қарызына
Кепіл болатындай ақылсыз болма!
27
Болмағанда төлейтін ақшаң
Төсегіңді тартып алар астыңнан.
4
28
Ата-бабаң салып кеткен межеңді
Жасырын жылжытып, ұлғайтпа жеріңді.
5
29
Кездестірсең біреуді ісіне аса шебер,
Жай адамдарға емес, патшаларға қызмет етер.