Нақыл сөздер  2
Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы
1
Балам, егер сөздерімді қабылдасаң,
Һәм жадыңда өсиеттерімді сақтасаң,
2
Құлағың даналыққа ұдайы түрік болса,
Әрі жан дүниең парасатқа дайын тұрса,
3
Егер де білім мен парасатты шақырсаң,
4
Көмілген күміс пен қазынадай іздесең,
5
Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,
Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың.


6
Себебі Жаратушы даналық сыйлар,
Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
7
Әділдерге Ол парасатты
а
сақтап, ұсынар,
Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар.
8
Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар,
Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.


9
Осылай әділ, тура, ақ дегеннің мәнін ұғарсың,
Ізгі жолдың қайсы екенін таба аларсың.
10
Өйткені даналық жан дүниеңе енер,
Білім де жаныңды қуанышқа кенелтер,
11
Сонда сені ақыл-парасат аман сақтар,
Дұрыс түсінік те әрдайым бақылап қорғар.
12
Даналық сені құтқарып алар теріс жолдан
Және жалғандық айтушының ықпалынан,
13
Тура жолдан тайып, түнекте жүргендерден
14
Әрі жамандық жасағанға қуанатындардан,
Зұлымдықтың азғындығына шаттанатындардан,
15
Жүрген жолдары қисық, адасқан сол жандардан.


16
Даналық сені сақтайды бұзылған әйелден,
Жеңіл жүрісті оның жағымпаз сөздерінен.
17
Ол жастайынан қосылған қосағынан бас тартқан,
Құдайының Келісімін есінен шығарған.
18
Оның үйіне кіргендер өлім жолына түсер,
Оның жолымен жүргендер о дүниеге жетер.
19
Оған барған пенделер қайтып келмес,
Шынайы өмірдің жолына енді түспес.


20
Сондықтан жүр ізгілердің ізіменен,
Лайым жүр әділдердің жолыменен!
21
Себебі әділдер елді мекендейді,
Кінәратсыздар сонда тұра береді.
22
Ал зұлымдар елден аластатылады,
Опасыздар түп-тамырымен құртылады.

а  Яки: аман-есендік пен табыстарды. (Түпнұсқадағы сөз ақыл-парасатты және одан туындайтын аман-есендік пен жетістіктерді білдіреді.)