Нақыл сөздер  19
1
Жалған тілді наданнан
а
гөрі
Адал жүрген жарлы игі.


2
Білімсіз құлшыныс жаман болар,
Тым асыққан жолдан таяр.


3
Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,
Ал жүрегінде ол Жаратқанға ашуланар.


4
Байлық «достарды» молайтар,
Кедей бар досынан да айырылар.


5
Жалған куә жазасыз қалмас,
Өтірік айтқыш құтыла алмас.


6
Мырзаға
ә
жағынуға көп жұрт әуес,
Сый-тарту берушімен барлығы да «дос».
7
Бар туысы кедей жанды жек көрер,
Ал достары солардан бетер одан безер,
Сөйлессем деп талпынғаны болар бекер.


8
Парасатқа иемденуші өз жанын ұнатар,
Естілікке мән беруші игілік табар.


9
Жалған куә жазасыз қалмас,
Өтірік айтқыш тірі қалмас.


10
Наданға салтанатты өмір сүру жараспас,
Малайға бастықтарды билеу одан бетер жараспас.


11
Даналығы адамға сабыр сыйлар,
Қатені кешіру оған құрмет болар.
Өсиетті сақтаған өмірін сақтар
12
Патшаның ашуы — ақырған арыстандай,
Ал ризалығы — шөптің ғанибет шығындай.


13
Ақылсыз бала әкесінің күйреуі болар,
Ұрысқақ әйел аққан тамшыдай
б
жүйкені жұқартар.


14
Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен,
Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен.


15
Жалқауды ұйқы басар,
Енжардың қарны ашар.


16
Өсиетті сақтаған өмірін сақтар,
Жолына ден қоймаған ажалға ұшырар.


17
Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені,
Игі ісінің сауабын
в
Жаратқан қайтып береді.


18
Балаңды жөнге сал үміт барда,
Өмірінің күйреуіне кінәлі болма.


19
Ашушаң жан лайықты жазасын тартсын,
Аясаң, тағы жазалауға мәжбүр боларсың.


20
Ақылды тыңдап, нақылға
г
бағын,
Алдағы кезде дана боларсың.


21
Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар,
Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.
ғ


22
Адамның ұнамдылығы — берік мейірімі,
Өтірікшіден гөрі жарлы болғаны игі.


23
Жаратқанды қастерлеу шын өмірге бастар,
Жаныңа тыныштық сыйлап, пәледен қорғар.


24
Жалқау қолын табаққа салар,
Ал аузына апаруға жалығар.


25
Мазақшылды жазаласаң, аңғырт жан да ұғынар,
Естіге тек ескертсең, ол содан сабақ алар.


26
Әкесін тонап, шешесін қуған ұл —
Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.


27
Балам, тәлімді тыңдауды
д
тоқтатқаның —
Білімді сөзден бас тартқаның.


28
Жалған куәгер әділ сотты мазақтар,
Зұлымдар аузымен жамандықты жалмар.


29
Мазақшыл адамға үкімі даяр,
Қыңыр ақымаққа жазасы даяр.



а  Яки: Азғын тілді, бай наданнан (28:6).

ә  Яки: Жомарт билеушіге (17:7; 25:7).

б  Яки: тамшылайтын құбырдай.

в  Яки: Игі ісінің есесін.

г  Яки: тәрбиеге.

ғ  16:1,9; 21:1,30.

д  Немесе: Балам, тәрбиеге мойынсұнуды.