Нақыл сөздер  15
Ізгі сөз бен іс берекелі
1
Жәбір сөз ашу туғызар,
Биязы жауап ашуды басар.


2
Дана жанның тілі білімді мақтар,
Аңқаудың аузынан надандық ағылар.


3
Жаратушының көз алдында бәрі аян,
Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.


4
Мейірімді тіл өмір сыйлайтын ағашқа ұқсар,
а
Өтірікші тіл рухыңды жаншып-басар.


5
Әкенің тәрбиесінен ақымақ безер,
Ескертуге ден қойған парасатқа кенелер.


6
Әділдің үйінде мол қазына болар,
Арамзаның тапқаны өз берекесін алар.


7
Дананың тілі білім себеді,
ә
Наданның санасы олай істемейді.


8
Арамзаның құрбандығынан Жаратқан жиренер,
Ал әділдің мінажаты Оны сүйсіндірер.


9
Арамзаның жолынан Жаратқан жиренер,
Әділдікті қуғанға Ол сүйсінер.
б


10
Жолдан безген ауыр жаза тартар,
Ескертуді жек көрген опат болар.


11
О дүние мен тозақ Жаратқанға аян,
Оған адам жүрегі содан бетер аян.


12
Мысқылшыл өзіне ескерткенді ұнатпас,
Дананың маңына ол жақындамас.
Қуанышты жанның тойы тарқамас
13
Жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар,
Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар.
в


14
Зерделінің санасы білім қуар,
Зердесіз ақымақтыққа тойынар.


15
Бақытсыздың қай күні де қайғыдан арылмас,
Қуанышты жанның тойы тарқамас.


16
Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөрі
Азды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.


17
Жек көрген жан ұсынған семіз сиыр етінен
Көкөніс тағамы игі сүйген жан берген.
Ізгі ақыл-кеңес пен адал еңбектің зор пайдасы
18
Ашушаң дау туғызар,
Байсалды дауды басар.


19
Жалқаудың жолын тікен басар,
Адалдың жолы тегіс болар.


20
Ақылды бала әкесін риза қылар,
Ақылсыз жан шешесін қор қылар.


21
Ақылы азды ақымақтық сүйсінтер,
Ал ақылды жан тура жолмен жүрер.


22
Кеңессіз құрған іс аяқсыз қалар,
Көптің ақылымен ол жүзеге асар.


23
Дәл айтылған жауап адамды қуантар,
Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар.


24
Дананың өмір жолы биікке бастар,
Ажалдан
г
оны сақтап қалар.
Кішіпейіл жанның абыройы өсер
25
Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар,
Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.


26
Зұлымның жоспарларынан Жаратқан жиренер,
Пәк жанның сөздеріне Жаратқан сүйсінер.


27
Пайдақор отбасының берекесін кетірер,
Параны жек көрген тыныш өмір сүрер.


28
Әділ жан жауабын ойлап берер,
Арамза жаман сөзін лақ еткізер.


29
Арамзадан Жаратқан Ие алыс болар,
Әділдің мінажатына Ол құлақ салар.


30
Жарқын жүз жүректі қуантар,
Жақсы хабар денеге қуат дарытар.


31
Өмірдің тәрбиесіне құлақ түргендер
Даналар арасынан орын тебер.


32
Тәрбиеге ден қоймаған өз жанын жек көрер,
Ескертуді тыңдаған ақыл-парасат иемденер.


33
Жаратқанды шын қастерлеу даналыққа үйретер
Және кішіпейіл жанның абыройы өсер.

а  12:18; Жар 2:9.

ә  Яки: орынды ақыл береді.

б  Яки: Ал әділдік жолын қуған жан Оған сүйкімді.

в  Яки: Жүректің қайғысы жанын (әрі рухын) күйретер (17:22; 18:14; Иш 65:14).

г  Немесе: Төмендегі көрден.