Нақыл сөздер  14
Ақылдылық және аңғалдық
1
Ақылды әйел үйін өркендетер,
Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.


2
Тура жолмен жүрген Жаратқанды қастерлейді,
Қисық жолға түскен Оны менсінбейді.


3
Ақымақ паң сөздері үшін жазаланар,
Ақылдының сөздері өзін аман сақтар.


4
Өгізі жоқтың қорасы таза тұрар,
а
Ал өгіздің күшінен пайда мол болар.


5
Адал куәгер өтірік айтпас,
Жалған куәгер өтірігін доғармас.


6
Мысқылшыл даналықты іздеп таппас,
Зерделіге білім жинау қиын болмас.


7
Аулақ жүр ақымақтың қасынан,
Ақылды сөз шықпас оның аузынан.


8
Естінің даналығы — өз жолын ұғынуы,
Ессіздің надандығы — алданып адасуы.


9
Надандар күнәні күлкі қылар,
Ал әділдер арасында ізгілік орнар.


10
Өз қайғысы әркімнің өзіне аян,
Қуанышын да бөлісе алмас бөтен жан.


11
Қылмыстының үйі құрып кетер,
Әділдің мекені гүлденіп өркендер.


12
Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,
Ақырында олар ажалға бастап апарар.


13
Күлгенде кейде жүрегің сыздар,
Қуаныш кейде қайғымен аяқталар.
Сөзің мен ісіңді ой елегінен өткіз
14
Опасыз адам тиісті жазасын тартар,
Ал ізгі жан лайықты сыйын алар.
ә


15
Аңғал кез келген сөзге нанар,
Есті жан қадамын байқап басар.


16
Ақылды абай болып, пәледен безер,
Ақылсыз өркөкірек, бейқам келер.


17
Ашушаң мінезді ақымақтық жасар,
Арамдық ойлаушы жексұрын болар.


18
Ақымақтық — аңғалдың алар үлесі,
Білімділік — дананың алар тәжі.
б


19
Жақсының алдында зұлым басын иер,
Әділдің қақпасында арамза тізесін бүгер.


20
Кедейге өз жақыны да менсінбей қарар,
Ал байға доссымақтар
в
көп болар.


21
Жақынын жек көрген күнә жасар,
Жарлыға игілік еткен жарылқанар.
г


22
Зұлымдық ойлаған жолдан адасып кетер,
Игілік ойлаған мейірім мен адалдық көрер.


23
Әр бейнеттің зейнеті бар,
Бос сөзден тек жоқшылық шығар.
Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер
24
Дананың алар тәжі — байлық,
Наданның алар үлесі — ақымақтық.


25
Адал куәгер адам жанын сақтар,
Жалған куәгер көпті алдар.


26
Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш,
Әрі келер ұрпақ та
ғ
бас сауғалар қорғаныш.


27
Жаратқанды шын қастерлеу — өмірдің бұлағы,
Ол ажалдың торынан адамды алшақтатады.


28
Патшаның ұлылығы — халқының молдығында,
Ал бақытсыздығы — соның аздығында.


29
Түсінігі мол — ұстамды жанның,
Ақымақтығы аян — ашушаңның.


30
Жан тыныштығы ғұмырды ұзартар,
Ал қызғаныш денеге жара салар.
д


31
Жарлыны қанаған — Жаратушысын менсінбеген,
Жарлыны қамқорлаған
е
— Жаратушысын қастерлеген.


32
Арамза өз күнәсінен опат болар,
Ал әділдің өлерде де үміті бар.


33
Даналық зерделінің жүрегіне орнығар,
Аңғалдардың арасынан да өзін танытар.


34
Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер,
Ал заңсыздығы
ж
халықты масқара етер.


35
Парасатты нөкері патшаға жағар,
Масқара болғаны ашуын туғызар.

а  Немесе: Өгізі жоқтың оттығы (ақыры) бос тұрар.

ә  Яки: Жүрегі азғын адам жүрген жолдарының жемісіне тояр, ізгі жанға да солай болар.

б  Яғни құрметі.

в  Яки: (жалған) достар.

г  Немесе: Жарлыға игілік еткен бақытты болар.

ғ  Немесе: Оның рухани балалары (Ош 1:10; Иш 63:16; 64:8).

д  Немесе: Ал қызғаныш сүйегіңдегі іріңді жарадай (12:4).

е  Яки: Кедейді аяп оған қамқорлық көрсеткен жан (28:8).

ж  Яки: Ал күнәсі.