Нақыл сөздер  13
1
Ақылды бала әке тәрбиесін
а
қабыл алар,
Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.


2
Адам игі сөздерінің жемісін көрер,
Ал опасыз жан зорлық-зомбылық көздер.


3
Аузына ие болған өмірін сақтар,
Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.


4
Жалқау мол аңсағанмен аз алар,
Ынтамен еңбек еткен тоқ болар.


5
Әділ өтірік сөзді жек көрер,
Зұлым арсыз ісімен абыройын төгер.


6
Таза жанды әділдігі аман сақтар,
Күнәкарды зұлымдығы құлатар.
ә


7
Бай болғансыған біреудің түгі де жоқ,
Ал кедейсіген басқа біреу байлыққа тоқ.


8
Байлық байдың өміріне төлем болар,
Ал кедей қоқан-лоқыдан аман болар.


9
Әділдің нұры жарқырап жанар,
б
Зұлымның шырағы өшіп қалар.


10
Менмендік дау-жанжал туғызар,
Даналық ақылдасқандарда болар.


11
Оңай олжа тез таусылар,
Еңбекпен жинаған
в
байлығын молайтар.


12
Ұзаққа созылған үміт жүрек қажытар,
Орындалған тілек өмірді құлпыртар.
Данамен жолдас болған дана болар
13
Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер,
Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер.


14
Данышпанның тәлімі — өмір бұлағы,
Ол адамды ажал торынан құтқарады.


15
Ақыл-парасат адамды ұнамды қылар,
Зымиянның жолы тым ауыр болар.


16
Зерделі білгірлікпен әрекет етер,
Зердесіз надандығын паш етер.


17
Зұлым хабаршы пәлеге тап болар,
Адал хабаршы амандық орнатар.
г


18
Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар,
Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар.


19
Аңсағаны іске асса көңіл сүйсінер,
Арам ісінен қайтудан надан жиренер.


20
Данамен жолдас болған дана болар,
Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.
ғ


21
Күнәкардың соңынан пәле қалмас,
Әділ жан ізгі сыйынан ада қалмас.


22
Ізгі жанның мұрасы үрім-бұтағына қалар,
Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар.


23
Кедей жыртқан тың жерден егін бітік шығар,
Ал әділетсіздіктің кесірінен бір бөлігі ұрланар.
д


24
Жазасын тартқызбаған
е
баласын сүймейді,
Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.


25
Әділ жан тамағын тойып ішер,
Арамзаның қарны аш жүрер.

а  Немесе: әкесінің өсиетін (4:1; 8:33).

ә  Немесе: теріс жолға бұрар.

б  Яки: көңілді жанар (4:18-19; Пат2 23:3-4; Дан 12:3).

в  Немесе: Қолымен біртіндеп жинаған.

г  Яки: Адал хабаршы (адамды басындағы пәлесінен) құтқарар (25:13; Иш 52:7).

ғ  Немесе: Наданмен жолдас болған азғын болар.

д  Немесе: Ал ретсіздіктің кесірінен бір бөлігі сыпырылып тасталар.

е  (3:12; 19:18; 22:15; 23:13-14; 29:15,17) Яғни тиянақты тәрбие бермеген. Немесе: Таяғын аяған.