Нақыл сөздер  11
Жаратқан Ие адалдық пен ізгілікті ұнатар
1
Жалған таразы Жаратқанға жиренішті,
Адал таразы Оған ұнамдысы.


2
Менмендікке масқара серік,
Кішіпейілге даналық серік.


3
Әділ жанды адалдығы жетелер,
Арамзаның түбіне сұмдығы жетер.


4
Қаһарлы күнде
а
байлықтан пайда болмайды,
Ал әділдік өлімнен аман сақтайды.


5
Таза жанның әділдігі жолын түзер,
Арамзаны зұлымдығы сүріндірер.


6
Әділді адалдығы құтқарар,
Алдамшы ашкөздігінен ұсталар.
ә


7
Арамза өлгенде үміті үзілер,
Зұлымның күткені босқа кетер.
б


8
Әділ жан пәледен құтқарылар,
Арамза оның орнына соған ұшырар.


9
Арсыз адам сөзімен жақынын жояр,
Әділ жан түсінігімен аман қалар.


10
Әділдің амандығына қала қуанар,
Зұлымның құруына мәз-мейрам болар.
11
Әділдің ақ батасымен қала өркендер,
Зұлымның жалған тілінен бытырап кетер.


12
Ақылсыз көршісін келекелер,
Ақылды аузына ие боп жүрер.


13
Өсек тасыған сырыңды ашар,
Адал жан ісіңді құпия сақтар.


14
Жетекшіге зәру ел тозар,
Кеңесшісі мол ел озар.


15
Бөтенге кепіл болған пәлеге ұшырар,
в
Кепілдіктен бас тартқан қауіпсіз болар.


16
Сүйкімді әйел абыройға бөленер,
Күш сала істеген байлықты иемденер.
г
Әділдің тілегені жақсылықпен бітер
17
Қайырымды өз жанына рақым табар,
Қатыгез өз тәніне зиян туғызар.


18
Арамза өткінші өнім жинайды.
Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды.


19
Шын әділдік өмір сыйлар,
Зұлымдыққа ұмтылған өлім табар.


20
Зымиян жаннан Жаратқан жиренер,
Мінсіз жүргенге Ол сүйсінер.


21
Сөз жоқ, зұлым жан жазасын тартар,
Әділдің ұрпағы аман құтылар.


22
Әдемі, алайда әдепсіз әйел заты
Шошқа мұрнындағы алтын сырға сияқты.


23
Әділдің тілегені жақсылықпен бітер,
Зұлымның күткені ашу-ызамен бітер.


24
Қолы ашық адам байи түсер,
Тым сараң жан кедейлене түсер.


25
Жомарт жан игілікке кенелер,
Басқаны сергіткен өзі де сергір.
ғ


26
Аштықта астық жасырғанды жұрт қарғар,
Астығын елге сатқанға батасын жаудырар.


27
Жақсылыққа ұмтылған рақым іздеп табар,
Зұлымдыққа ұмтылған зұлымдыққа тап болар.


28
Байлығына сенім артқан сүрінер,
Ал әділ жан жапырақтай көгерер.


29
Отбасының берекесін кетірген дымсыз қалар,
д
Зердесіз зерделі жанға қызмет қылар.


30
Әділ жанның жемісі өмір сыйлар ағашқа ұқсар,
е
Зерделі жан адамдарды әділдікке тартар.
ж


31
Әділ жан бұ дүниеде тиістісін алмақ,
Зұлым мен күнәкар одан бетер жазаланбақ.

а  Яғни Құдай адамдарға қаһарын төгетін күнде.

ә  Немесе: Алдамшы заңсыздығының торына түсер.

б  Немесе: Сүйенген күш-қуаты құрып кетер.

в  6:1-5; 22:26-27.

г  Немесе: Күш көрсеткендер байлық (қана) иемденер.

ғ  Немесе: Басқаның шөлін қандырған өзі де сусынданар.

д  Яки: Өз отбасының берекесін кетірген адамның мұрасына жел ғана тиер.

е  15:4; Жар 2:9.

ж  (Дан 12:3) Немесе: даналыққа тартар.