Філіпілікт. хат  4
Рухани игіліктер туралы
1
Сонымен, сүйікті бауырластарым, Иемізбен байланыста берік тұрыңдар! Сендерді жақсы көремін, сағынып та жүрмін. Менің қуанышым, «бәйгелік тәжім» сендерсіңдер ғой.
2
Еуодия мен Сүнтүхе екеуін де Иемізбен жүргендер ретінде өзара татуласуға шақырамын.
3
Иә, адал серігім,
а
сенен де сұраймын: осы екі әйелге көмек көрсетші. Олар Ізгі хабарды таратудағы күресіме ортақтасып, Кілемент пен өзге қызметтестеріммен де бірге істесті. Солардың есімдері көктегі Мәңгілік өмір кітабына
ә
жазылып қойылған.
4
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа
б
қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
5
Сендердің кішіпейіл
в
екендеріңді елдің бәрі көре алсын. Иеміз қастарыңда ғой.
г
6
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
7
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
8
Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
9
Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады.
Қандай жағдайға да қанағат ету
10
Сендердің тағы да қамымды ойлай бастағандарыңа Иемізге шүкірлік етіп қатты қуанамын. Әрине, мені бұл жағынан естен шығарған жоқсыңдар, алайда оған жағдайларың мүмкіндік бермеген еді.
11
Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
12
Жоқшылықта да, молшылықта да өмір сүре аламын. Мен не тоя тамақ жейін, не аш жүрейін, молшылықта немесе мұқтаждықта болайын, қай жағдайда да қанағат етудің құпиясымен жақсы танысып алдым.
13
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
ғ
14
Дегенмен, қиын-қыстау жағдайыма ортақтасқандарың бір ғанибет болды.
15
Қымбатты філіпіліктер, өздерің де білесіңдер: мен алғаш рет Ізгі хабарды сендерге жеткізіп, содан кейін Македония өлкесінен кеткенімде, маған басқа бір қауым емес, сендер ғана игіліктер жіберіп, Құдайдың жарылқауын қабылдауда ортақтастыңдар.
д
16
Әлі Салониқада жүргенімде де
е
сендер маған бірнеше рет қажетімді жеткізіп тұрдыңдар.
17
Сендерден сәлем-сауқат дәметпеймін, менің үміттенетінім — осылар үшін өздеріңе қайтатын жарылқау мен сауап.
18
Сендер жібергендердің бәрін де алдым, енді артығымен жетіп жатыр. Епафродит сәлемдемелеріңді әкеліп бергелі қажетті нәрселерім ағыл-тегіл. Олар — Құдай ұнатып қабылдайтын хош иісті тартулар мен құрбандық іспетті.
19
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
20
Құдай Әкеміздің ұлылығы мәңгілік мадақтала берсін! Аумин.
Соңғы сәлем және ақ бата
21
Мәсіх Исаның арқасында Құдайдікі болғандардың бәріне
ж
сәлемімізді жеткізіңдер. Қасымыздағы бауырластар да сәлем айтуда.
22
Сендерге Құдайдың мұндағы адамдары түгелдей, әсіресе патша сарайындағылар, сәлем айтады!
23
Лайым жан дүниелерің Иеміз Иса Мәсіхтің рақымына кенеле берсін! Аумин.

а  Немесе: Сүзүг. («Жолдас, серік» дегенді білдіретін бұл сөз ер адамның есімі ретінде де қолданылатын.)

ә  Лұқ 10:20; Аян 20:12.

б  Немесе: Иемізден қол үзбей.

в  Яки: мейірімді.

г  Немесе: Иеміз жақында (көктен қайта оралып) келеді.

ғ  Немесе: Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып (Оған ұнамдының) бәрін де істей аламын (Қор2 12:9-10; Қол 1:11; Жох 15:5).

д  (Елш 17:14-16; 18:1-4; Қор2 8:1-5) Немесе: менің өздеріңе көмектескенімдей басқаларға да көмек көрсетуім үшін сендер ғана маған игіліктер жібердіңдер.

е  Елш 17:1-9.

ж  Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) сенушілердің бәріне.