Абди пайғамбар
Жазба туралы мәлімет
Құдай Абди пайғамбарды Едом халқы жайлы хабарын жариялауға тағайындады. Осы халықтың түп атасы Едом Есау деп те аталатын. Есаудың туған бауыры Жақып, яғни Исраил, болатын (Жар 25:25,30; 36:9; 32:28). Жау шапқыншылық жасаған кезде едомдықтар өздерінің исраилдік туыстарына көмектесуге міндетті еді. Алайда мұның орнына едомдықтар Исраил халқын басындағы қиындықтарына бола табалап, тіпті оларды тонап, қашқындарын қудалап, жауларының қолына ұстап беріп отырды.
Едомдықтар еш алаңсыз таудағы қорғандарында тұратын. Ал енді Жаратқан Ие олардан есеп талап етпекші болды. Хақ Тағала Өзінің таңдаған халқын азат етуді әрі едомдықтарды арамза қылмыстары үшін жазалауды ұйғарды. Бұдан кейін Исраил уәделі елде қайтадан бейбіт, алаңсыз өмір сүретін болады, өйткені «Патшалық Жаратқан Иенікі болады» (21).