Руларды санау  7
Киелі шатырды Құдайға бағыштағанда ұсынылған тартулар
1
Киелі шатырды құрып болған күні Мұса оған және ішіндегі барлық құрал-жабдықтарына, құрбандық үстелі мен оның бұйымдарына май жағу рәсімін орындап, оларды Жаратқан Иеге бағыштап киелі етті.
2
Содан соң Исраилдің жетекшілері — санақты жүргізген рубасылар
а
өз тартуларын ұсынды.
3
Олар Жаратқан Иеге арнаған сый-тартуларын он екі өгізге жегілген, үсті жабық алты арбаға тиеп алып келді. Әрбір жетекшіге бір өгізден, ал әрбір екі жетекшіге бір арбадан келді. Жетекшілер осыларды киелі шатырдың алдына әкеліп ұсынды.
4
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
5
«Алып келгендерін олардан қабылдап ал. Бұл тартуларды кездесу шатырындағы қызметте қолдануға болады. Оларды леуіліктерге атқаратын қызметтеріне қарай үлестіріп бер».
6
Содан Мұса арбалар мен өгіздерді қабылдап алып леуіліктерге тапсырды.
7
Мұса (кездесу шатырындағы) қызметтеріне сай екі арба мен төрт өгізді Герсонның ұрпақтарына,
8
төрт арба мен сегіз өгізді Мераридің ұрпақтарына үлестірді. Олардың барлығы күллі қызметтерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың басшылығымен атқарды.
9
Ал қахаттықтарға Мұса еш көлік бермеді, себебі олардың қызметі — киелі жиһаздарды өз иықтарымен көтеріп алып жүру болды.
10
Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалып болғаннан кейін, рубасылар құрбандық үстелін қызметке бағыштау рәсіміне байланысты тартуларын оның алдына алып келе бастады.
11
Себебі Жаратқан Ие Мұсаға: «Әр күн сайын бір жетекші құрбандық үстелінің қызметке бағышталуына байланысты өзінің тартуларын ұсынатын болсын», — деп бұйырған болатын.
12
Бірінші күні Яһуда руының атынан Әминадап ұлы Нағасон өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
13
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген
ә
және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
14
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
15
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
16
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
17
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Әминадап ұлы Нағасонның ұсынған сый-тартулары осы болды.
18
Екінші күні Исашар руының атынан Суғар ұлы Нетанел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
19
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
20
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
21
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
22
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
23
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суғар ұлы Нетанелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
24
Үшінші күні Забулон руының атынан Хелон ұлы Елияп өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
25
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
26
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
27
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
28
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
29
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Хелон ұлы Елияптың ұсынған сый-тартулары осы болды.
30
Төртінші күні Рубен руының атынан Шедеур ұлы Елисур өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
31
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
32
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
33
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
34
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
35
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Шедеур ұлы Елисурдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
36
Бесінші күні Шимон руының атынан Суришадай ұлы Шелумиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
37
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
38
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
39
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
40
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
41
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суришадай ұлы Шелумиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
42
Алтыншы күні Ғад руының атынан Рәгуел ұлы Әлиасаф өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
43
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
44
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
45
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
46
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
47
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Рәгуел ұлы Әлиасафтың ұсынған сый-тартулары осы болды.
48
Жетінші күні Ефрем руының атынан Амихуд ұлы Әлишама өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
49
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі шатырдың орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
50
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
51
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
52
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
53
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амихуд ұлы Әлишаманың ұсынған сый-тартулары осы болды.
54
Сегізінші күні Манаса руының атынан Педасур ұлы Гамалиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
55
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
56
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
57
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
58
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
59
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Педасур ұлы Гамалиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
60
Тоғызыншы күні Бунямин руының атынан Гидеони ұлы Абидан өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
61
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
62
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
63
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
64
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
65
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Гидеони ұлы Абиданның ұсынған сый-тартулары осы болды.
66
Оныншы күні Дан руының атынан Амишадай ұлы Ахиезер өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
67
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
68
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
69
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
70
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
71
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амишадай ұлы Ахиезердің ұсынған сый-тартулары осы болды.
72
Он бірінші күні Ашир руының атынан Охран ұлы Пагиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
73
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
74
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
75
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
76
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
77
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Охран ұлы Пагиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды.
78
Он екінші күні Нафталим руының атынан Енан ұлы Ахира өзінің мына сый-тартуларын ұсынды:
79
салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді,
80
сондай-ақ, хош иісті зат салынған салмағы он мысқал алтын таба,
81
түгелдей өртелетін құрбандық үшін бір жас бұқа, бір қошқар және бір тоқты,
82
күнәнің құнын өтейтін құрбандық үшін бір теке,
83
әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Енан ұлы Ахираның ұсынған сый-тартулары осы болды.


84
Сонымен құрбандық үстеліне май жағу рәсімін жасап, оны Жаратқан Иеге бағыштаған кезде Исраилдің рубасыларының ұсынған сый-тартулары мыналар болды: он екі күміс табақ, он екі күміс тостаған, он екі алтын таба.
85
Әрбір күміс табақтың салмағы жүз отыз мысқал, күміс тостағанның салмағы жетпіс мысқал болды. Күміс табақтардың жалпы салмағы екі мың төрт жүз мысқалды құрады. Осындағы мысқал киелі орында қолданылатын ресми мысқал бойынша өлшенген.
86
Хош иісті зат салуға арналған, шоқ салатын он екі алтын табаның әрқайсысының салмағы ресми өлшем бойынша он мысқалдан болды. Хош иісті зат салуға арналған табалардың жалпы салмағы жүз жиырма мысқал болды.
87
Осы рәсімді жасағанда түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдар он екі жас бұқа, он екі қошқар, он екі тоқты болды. Олар тиісті астық тартуларымен бірге ұсынылды. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде он екі теке әкелінді.
88
Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа шалынған малдың жалпы саны мүйізді ірі қарадан жиырма төрт жас бұқа, сонымен қатар алпыс қошқар, алпыс теке және алпыс тоқты болды. Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалғаннан кейін шалынған құрбандықтар осы болды.


89
Мұса Жаратқан Иемен тілдесу үшін кездесу шатырына барып, ішіне кіретін. Сонда ол Келісім сандығының қақпағының үстіңгі жағында орналасқан екі керуб мүсінінің арасынан өзіне арналған дауысты еститін.
б
Осылай Жаратқан Ие Мұсаға сөзін арнайтын.

а  1:5-16.

ә  3:47; 7:85.

б  1:1; 12:8; Мыс 25:18-22; 33:9,11; Леу 1:1.