Руларды санау  31
Азғырушы Мадиянды жазалау
1
Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:
2
«Исраилдіктерді (жалған тәңірге табындырып күнәға батырғандары үшін) мадияндықтардан өшімді ал.
а
Содан соң өзің дүниеден өтіп ата-бабаларыңның қасына жөнелесің».
3
Сонда Мұса халыққа былай деп бұйырды: «Араларыңнан ер адамдарды қаруландырып жасаққа жіберуге дайындаңдар! Олар Мадиянға қарсы аттанып, олардан Жаратқан Иенің өшін алсын.
4
Исраилдің әрбір руынан жасаққа бір мың адамнан жіберіңдер!»
5
Сонда Исраилдің әулеттерінен әр рудан бір-бір мыңнан, шайқасқа қаруланып дайындалған он екі мың адам жиналды.
6
Әр рудан бір-бір мыңнан шыққан оларды Мұса шайқасқа аттандырды. Діни қызметкер Елазар ұлы Пінехес қолына киелі бұйымдар мен белгі беретін кернейлерді алып, солармен бірге аттанды.
7
Исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұсаға берген бұйрығы бойынша мадияндықтарға қарсы шайқасқа шығып, олардың күллі еркектерінің көзін құртты.
8
Сол өлгендердің арасында Мадиянның бес көсемі — Еуи, Рекем, Сур, Хур және Реба да болды. Исраилдіктер Беғор ұлы Балағамды
ә
да семсермен өлтірді.
9
Исраилдік сарбаздар мадияндықтардың әйелдері мен балаларын қолға түсіріп, барлық табындарын, отарларын және өзге дүние-мүліктерін олжалап алды.
10
Бұдан кейін олардың тұрған барлық қалалары мен тұрақтарын өртеп жіберді.
Жасақ алып келген олжа
11
Исраил жасағы қолға түскен барлық олжаны және тонап алғандарын: адамдар мен малдарды жинап алып,
12
бәрін де Иерихонға қарама-қарсы, Иордан жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында қоныста тұрып жатқан Мұсаның, діни қызметкер Елазардың және исраилдіктердің бүкіл қауымының алдына алып келді.
13
Мұса, Елазар және қауымның жетекшілері оларды қарсы алуға қоныстың сыртына шықты.
14
Бірақ Мұса шайқастан қайтып келе жатқан жасақ басшыларына: мыңбасылар мен жүзбасыларға қатты ашуланып
15
былай деді: «Барлық әйелдерді тірі қалдырыпсыңдар ғой, бұларың қалай?
16
Бері қараңдар! Балағамның кеңесі бойынша Пеғордың маңында исраилдіктерді азғындыққа еліктіріп, олардың Жаратқан Иеге опасыздық жасауларына себепші болған солар емес пе еді?! Содан да Жаратқан Иенің халқының арасында індет жайылды ғой!
б
17
Енді барлық ұл балалардың және еркек көрген әйелдердің көздерін құртыңдар!
18
Бірақ әлі еркекпен жақындаспаған жас қыздарды өздеріңе тірі қалдырыңдар.
19
Ал сендердің соғыста адам өлтірген не өлген адамның мүрдесімен жанасқандарыңның барлығың, жеті күнге ел қонысының сыртында қалыңдар! Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері өздерің де, қолға түсірген тұтқындарың да тазару рәсімінен өтіңдер.
в
20
Барлық киімдеріңе, теріден, жүннен не ағаштан жасалған бұйымдарыңа да күнәдан тазарту рәсімін орындаңдар!» — деді.
21
Діни қызметкер Елазар шайқасқа қатысқандарға тағы мынаны айтты: «Жаратқан Иенің Мұса арқылы бұйырған заңының ережелері былай:
22
алтын, күміс, қола, темір, қалайы, қорғасыннан жасалған,
23
жалпы, отқа төзімді бұйымдардың барлығын отқа күйдіріп тазартыңдар. Бірақ оларға тазарту суын бүркіліп тазарту рәсімі де орындалсын.
г
Отқа төзбейтін бұйымдарды тек тазарту суымен бүркіп тазартыңдар.
24
Жетінші күні киімдеріңді жуыңдар, сонда тазарасыңдар. Содан соң қонысқа қайтып келулеріңе болады».
Олжаның үлестірілуі
25
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
26
«Өзің, діни қызметкер Елазар және қауымдағы әулеттердің басшылары қолға түскен тұтқындар мен мал басын санаңдар.
27
Содан соң қолға түскен олжаны шайқасқа қатысқандар мен қауымның қалған адамдарының арасында тең бөл.
28
Алайда алдымен сарбаздардың олжасына тиген адамдар, мүйізді ірі қара, есек және қой-ешкінің әрбір бес жүзінен біреуін Жаратқан Иенің үлесіне арнаңдар.
29
Сарбаздардың өздеріне тиген жартысынан Жаратқан Иеге бағыштаған осы үлестерін діни қызметкер Елазарға табыстаңдар!
30
Ал олжаның қалған исраилдіктерге тиген екінші жартысының: адамдар, мүйізді ірі қара, есек және қой-ешкінің, яғни барлық малдың әрбір елуінен біреуін Жаратқан Иенің үлесіне арнаңдар. Бұл тартуды Жаратқан Иенің киелі шатырындағы күзет пен өзге де міндеттерді атқаратын леуіліктерге табыстаңдар!»
31
Мұса мен діни қызметкер Елазар Жаратқан Иенің Мұсаға берген бұйрығы бойынша істеді.
32
Сарбаздардың қолдарына түскен олжаның қалғанын есептегенде барлығы алты жүз жетпіс бес мың қой-ешкі,
33
жетпіс екі мың мүйізді ірі қара,
34
алпыс бір мың есек,
35
еркек көрмеген отыз екі мың қыз болды.
36
Олжаның шайқасқа қатысқандардың үлесіне тиген жартысы мынадай болды: қой-ешкіден — үш жүз отыз жеті мың бес жүз бас,
37
одан Жаратқан Иеге тиісті тартудың саны: алты жүз жетпіс бес.
38
Мүйізді ірі қара: отыз алты мың, одан Жаратқан Иеге тиісті тартудың саны: жетпіс екі.
39
Есек: отыз мың бес жүз, одан Жаратқан Иеге тиісті тартудың саны: алпыс бір.
40
Тұтқын адам саны: он алты мың, одан Жаратқан Иеге тиісті тартудың саны: отыз екі.
41
Мұса Жаратқан Иеге тиісті тартуды діни қызметкер Елазарға табыстады. Жаратқан Ие Мұсаға осыны бұйырған болатын.
42
Қолға түскен олжаның сарбаздарға тиісті үлесін бөліп алғаннан кейін Мұса оның екінші жартысын қалған исраилдіктерге белгіледі.
43
Қауымға арналған осы үлес: үш жүз отыз жеті мың бес жүз қой-ешкі,
44
отыз алты мың мүйізді ірі қара,
45
отыз мың бес жүз есек,
46
әрі он алты мың тұтқын қыз болды.
47
Исраилдіктерге арналған олжаның осы жартысынан Мұса адам мен малдың елуден бірін алып, Жаратқан Иенің киелі шатырындағы күзет пен өзге де жұмыстарды атқарып жүрген леуіліктерге табыстады. Жаратқан Ие Мұсаға осыны бұйырған болатын.
48
Содан соң жасақ басшылары: мыңбасылары мен жүзбасылары Мұсаның алдына келіп,
49
оған былай деді: «Біз қол астымыздағы жасақты түгендеп санап шықтық. Сонда бірде-бір сарбазымыз шығын болмапты!
50
Сол себепті әрқайсымыз қолға түсірген алтын бұйымдарды: шынжыр, білезік, жүзік, сырға, алқалардың барлығын (бәріміздің өмірімізді сақтап қалған) Жаратқан Иеге тарту етеміз. Осылайша (абайсызда) жасаған күнәларымыздың арамдығынан Оның алдында тазарғымыз келеді».
51
Мұса мен діни қызметкер Елазар алтыннан өрнектеп жасалған әр түрлі бұйымдардың барлығын да олардан қабылдап алды.
52
Мыңбасылар мен жүзбасылар Жаратқан Иеге тарту ретінде көтеріп ұсынған сол алтынның жалпы салмағы он алты мың жеті жүз елу мысқал
ғ
болып шықты.
53
Сарбаздардың әрқайсысы олжаны өзі үшін алған болатын.
54
Сонымен Мұса мен діни қызметкер Елазар мыңбасылары мен жүзбасыларынан ұсынған алтындарын қабылдап алды. Оларды кездесу шатырына апарып, исраилдіктердің Жаратқан Иенің халқы екенінің ескертпесі ретінде Оның алдында сақтап қойды.

а  Мадияндықтар исраилдіктерді Құдайға опасыздық жасауға азғырып, күнәға батырған еді (25:1,6,16-18; Леу 26:25).

ә  22:5-6; 25:1-2; Пет2 2:15.

б  25:1-9,18.

в  19:11-13.

г  19:11-13.

ғ  Яғни шамамен 190 кг.