Руларды санау  24
1
Ал Балағам Жаратқан Иенің Исраилді жарылқағысы келіп отырғанын сезіп, енді бұрынғыдай сәуегейлікке сүйенбеді. Қайта, ол елсіз далаға қарай бет-жүзін бұрып қарады.
2
Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да,
3
ол мына нақыл сөзін айтты:


— Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі,
Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі:
4
Құлағым шалады Құдайдың хабарын,
Көзім көреді Құдіреттінің
а
аянын,
Көзім ашық күйі жерге жығыламын,
Құдайдың хабарын
ә
енді айтамын.


5
Уа, Жақып халқы, шатырларың қандай әдемі,
Уа, Исраил халқы, үйлерің қандай көрікті!
6
Бұл халық кеңінен жайылған алқаптардай,
Өзен жағасында өсетін бақтардай,
Жаратқан отырғызған алып ағаштардай,
б
Су жағалай өсетін самырсындардай.
7
Халықтың шелектерінен су мол ағады,
Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады,
Оның патшасы Агагтан
в
да үстем болады,
Иә, патшалығының даңқы тым асады.


8
Құдай осы халықты Мысырдан алып шықты,
Жабайы бұқаның мүйізіндей оның күш-қуаты,
Жауласқан бөгде ұлттарды ол қиратады,
Олардың сүйектерін күйретіп сындырады,
Һәм жебелерімен тәндерін тесіп атады.
9
Халық арыстандай еңкейіп дайын тұрады,
Ана арыстандай тыншып жерге жатады.
Оны мазалауға кімнің батылы барады?
Жақып, саған бата бергеннің өзі жарылқанады,
Ал сені қарғағанның өзін қарғыс атады.


10
Сонда Балақтың Балағамға деген ашу-ызасы лаулап, екі алақанын сарт еткізіп, былай деп айқайлады:
— Сені жауымды қарға деп шақырсам, сен оның орнына оларға үш рет ақ бата бердің!
11
Лезде өз жөніңе тайып тұр! Сені молынан сыйлаймын деген едім. Ал Жаратқан Иенің Өзі сені сыйыңнан құр қалдырып отыр!
12
Сонда Балағам Балаққа мына жауапты қайырды:
— Маған жіберген елшілеріңе-ақ былай деп айтпап па едім:
13
Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын.
14
Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді.
Балағамның төртінші нақыл сөзі
15
Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді:


«Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі,
Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі,
16
Құдайдың айтқан сөздерін еститіннің,
Тағаланың білдіргенін білетіннің,
Көздері ашық күйі сіресіп құлап,
Құдіреттінің
г
аянын көретіннің
Айтқандары (тыңдаған пенде құлақ түрсін!):
17
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,
Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:
Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,
Исраилден ұлы патша
ғ
шығатын болады.
Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,
Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады.
18
Сонда ол Едом елін басып алады,
Сейірдегі жаулары оған бағынады,
Ал Исраил үнемі күшейіп нығаяды.
19
Жақыптан мықты билеуші шығады,
Ирдағы
д
тірі қалғандардың көзін құртады!»
Балағамның өзге халықтар жайлы нақыл сөздері
20
Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:


«Амалек халықтардың алғашқысы еді,
е
Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді».


21
Балағам кендіктерге де көз салып, олар туралы мына нақыл сөзін айтты:


«Сондай берік екен сенің тұрағың,
Жартасқа салынған, қауіпсіз екен ұяң.
22
Алайда, кендіктер, сендер қырыласыңдар,
Ассурға
ж
көп кешікпей тұтқын боласыңдар».


23
Содан соң Балағам мынадай нақыл сөз айтты:


«Оу, Құдай солай еткенде кім тірі жүрер,
24
Ал Киттим
з
жағасынан жүзіп келген кемелер
Ассурға әрі Еберге
и
жәбір көрсетер,
Бірақ өздері де кейін күйретілер».


25
Осыны айтып болғанда Балағам орнынан тұрып, еліне қайтып кетті. Балақ та өз жағына жөнелді.

а  (24:16) Яки: құдіреті шексіз Құдайдың (Жар 17:1; Әйүп 32:8).

ә  Немесе: Пайғамбарлық сөзді.

б  Яки: Жаратқан Ие отырғызған құрма (не алоэ) ағаштарындай (Жыр 1:3; 44:9).

в  Агаг Амалек халқына патшалық еткен билеушінің атағы болатын (24:20; Пат1 15:8).

г  24:4.

ғ  Немесе: (патшалық биліктің белгісі болған) асатаяқ (Жар 49:10).

д  Немесе: Қаладағы.

е  Амалек халқы Исраилге қарсы алғашқы болып шабуылдап қаскөйлік жасаған еді (14:45).

ж  Ассур осы жерде не Шам ұлы Ассурдың ұрпақтарын (яғни бір тайпаны), не Ассур (Ассирия) халқын білдіре алады (Жар 10:22; Езк 27:23).

з  Киттим: Жерорта теңізінің аралдары мен жағалауларын мекендейтін халықтардың жалпы атауы (Жар 10:4; Дан 11:30).

и  Немесе: алыс елдерге.