Руларды санау  20
Мерібадағы жартастан аққан су
1
Бірінші айда
а
исраилдіктердің бүкіл қауымы Сін
ә
атты елсіз далаға жетіп, сондағы Қадеш деген жерде тұрақтады. Мәриям
б
сол жерде қайтыс болып, мәйіті қабірге қойылды.
2
Ал қауымның ішетін сулары болмай, олар Мұса мен Һаронға қарсы бас қосты.
3
Олар Мұсаға қатты наразы болып былай деді: «Ағайындарымыз Жаратқан Иенің алдында өлген кезде біздің де өліп қалғанымыз игі болар еді!
4
Бізді — Жаратқан Иенің қауымын неге осы иен далаға бастап алып келдіңдер? Өзіміз бен малымыздың қырылуы үшін бе?!
5
Бізді Мысыр елінен шығарып, мына қу медиенге неге алып келдіңдер? Мұнда астық шықпайды, інжір, жүзім, анар дегендерің өспейді! Тіпті ішетін су да жоқ!»
6
Осы сөздерді естігенде Мұса мен Һарон бас қосқан халықтан бөлініп шығып, кездесу шатырының кіреберісіне барып, сол жерде етпеттерінен жата кетті. Сонда оларға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді.
7
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
8
«Әлгі таяқты
в
қолыңа алып, ағаң Һарон екеуің бүкіл қауымды жинаңдар. Олардың көз алдында мына жартасқа бұйыра сөйлеңдер! Сонда ол сендерге ішінен суын ағызады. Осылайша сен жартастан су ағызып шығарып, халықтың да, малының да шөлін қандыратын боласың».
9
Мұса Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Оның алдында
г
сақтаулы тұрған таяқты қолына алды.
10
Һарон екеуі бүкіл жамағатты жартастың алдына жинады. Мұса оларға: «Уа, бағынбайтын қыңырлар, құлақ салыңдар! Сендерге осы жартастан су ағызайық па?» — деп дауыстады.
11
Содан кейін Мұса қолын көтеріп, жартасты екі рет таяғымен соғып қалды.
ғ
Сонда одан су молынан сарқырап аға жөнелді. Бүкіл жамағат та, малдары да ішіп, шөлдерін қандырды.
12
Бірақ Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді: «Маған жете сенбей, Исраилдің үрім-бұтағының алдында Менің киелі екенімді
д
көрсетпедіңдер.
е
Сондықтан екеуің осы қауымды Өзім оларға табыстап отырған елге алып бармайсыңдар!»
13
Бұл жер Меріба (Ұрсу)
ж
суы деп аталып кетті. Себебі Исраилдің үрім-бұтағы сол жерде Жаратқан Иеге ұрсып, Ол Өзінің киелі екенін көрсетті.
з
Едомның исраилдіктерді өз жерінен өткізбеуі
14
Мұса Қадештен Едом патшасына елшілері арқылы мынадай сәлем жіберді:
— Ағайындарың исраилдіктерден дұғай сәлем. Біздің басымызға түскен әр алуан бейнеттер туралы өздерің білесіздер.
15
Ата-бабаларымыз Мысыр еліне қоныс аударып, сол жерде көп жыл тұрдық. Ал мысырлықтар бізге және аталарымызға жәбір көрсетті.
16
Сонда біз Жаратқан Иеден көмек сұрап жалбарынған едік. Ол бізге құлақ салып, періштесін жіберіп, бізді Мысыр елінен азат етіп алып шықты. Енді біз сіздің елдің шет жағында орналасқан Қадеш қаласындамыз.
17
Бізге жеріңіз арқылы өтіп шығуға рұқсат берсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге түспейміз. Құдықтарыңыздан да су ішуші болмаймыз. Патшаның үлкен жолымен
и
ғана еліңізді кесіп өте шығамыз. Соған дейін жолдан оңға да, солға да бұрылмаймыз! —
18
Бірақ едомдықтар Мұсаға мынадай жауап жіберді:
— Жеріміз арқылы өтпейсіңдер, әйтпесе сендерге қарсы семсермен шығамыз! —
19
Сонда исраилдіктер:
— Біз үлкен жолмен ғана өте шығамыз. Егер біз өзіміз не малдарымыз суыңызды ішетін болсақ, ақшасын төлейміз. Тек жеріңіз арқылы жаяу өте шықсақ болғаны. Одан басқа ештеңе істемейміз, — деп өтінді.
20
Алайда едомдықтар қайтадан:
— Жоқ, өйтпейсіңдер! — деген жауап берді. Олар Исраилге қарсы мықты қарулы қолмен шықты.
21
Сонымен едомдықтар Исраилге өз жерлері арқылы өтіп кетуге рұқсат бермегендіктен, халық оларды айналып өтпек болып бағыттарын өзгертті.
к
Һаронның қайтыс болуы
22
Осылайша исраилдіктер Қадеш қаласынан шығып, бүкіл жамағат Һор тауына жетті.
23
Едом елінің шекарасындағы Һор тауында Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді:
24
«Һаронның о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанатын мезгілі жетті. Ол Мен исраилдіктерге табыстауға уәде еткен елге кірмейді. Себебі екеуің Мерібадағы су жайлы Менің бұйрығыма бағынбадыңдар.
қ
25
Һаронды және оның ұлы Елазарды ертіп алып, Һор тауының басына көтеріліңдер.
26
Сол жерде Һаронның арнайы киімдерін шешіп, ұлы Елазарға кигіз. Ал Һаронның өзі сол жерде дүниеден өтіп ата-бабаларының қасына жөнеледі».
27
Мұса Жаратқан Иенің бұйрығын орындап, үшеуі бүкіл жамағаттың көзінше Һор тауына көтеріліп кетті.
28
Сонда Мұса Һаронның үстінен арнайы киімін шешіп алып, оның ұлы Елазарға кигізді. Һарон сол таудың басында қайтыс болды. Кейін Мұса Елазар екеуі таудан түсті.
29
Жамағат Һаронның қайтыс болғанын білгенде, бүкіл Исраил халқы оны отыз күн бойы жоқтап аза тұтты.

а  Наурыз, сәуір айларына тап келетін осы кез халықтың Мысырдан шыққаннан кейінгі қырқыншы жылы болды (20:22,29; 33:36-38).

ә  13:21.

б  Һарон мен Мұсаның қарындасы Мәриям пайғамбар (Мыс 15:20).

в  Мыс 4:2; 17:6.

г  Яғни, киелі шатырдағы Келісім сандығында.

ғ  Осы жолы Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға жартасты соғуды емес, оған бұйыра сөйлеуді тапсырған еді (20:8).

д  Мыс 3:5-6; Леу 11:44-45; Иш 6:1-5.

е  Мұса халықтың шағымдана бергеніне ашуланып, Жаратқан Иеге тиісті сенім мен құрмет танытпай, албырттықпен еркінсіп әрекет еткен еді.

ж  Мыс 17:7; Жыр 95:8.

з  Леу 10:3.

и  Бұл керуендер көп жүретін, Иордан өзенінің ар жағындағы қырлы аймақ арқылы Сауд Арабиясынан Сирияға өтіп шығатын үлкен жол болатын (21:22).

к  Заң 2:4-6.

қ  20:8,11-12.