Руларды санау  14
Халықтың сенімсіздік білдіріп бас көтеруі
1
Сонда бүкіл қауым дауыс көтеріп, түні бойы азан-қазан жылаумен болды.
2
Барлық исраилдіктер Мұса мен Һаронға наразыланып, бүкіл қауым болып: «Бізге баяғыда-ақ Мысыр елінде өлгеніміз жақсы болған болар еді!
а
Немесе осы елсіз далада өлген болсақ қой! — деп күңкілдесті.
ә
3
— Жаратқан Ие бізді бұл елге неге алып келе жатыр екен? Сол жерде біз семсерден қырыламыз, әрі әйел, бала-шағамыз жауға олжа болмақ. Одан да Мысырға қайта оралғанымыз жақсы емес пе!» —
4
Олар бір-біріне: «Кәне, басшы таңдап алып, Мысырға қайта оралайық!» — десті.
5
Ал Мұса мен Һарон жиналған исраилдіктердің бүкіл қауымының алдында жерге етпетінен жығыла кетті (де, Жаратқан Иеге сиынды).
6
Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты.
7
Олар Исраилдің бүкіл қауымына: «Біз барлап келген ел өте керемет екен!
8
Егер Жаратқан Ие бізге риза болса, Ол бізді ағы мен балы ағыл-тегіл сол елге алып барып, оны бізге табыстайды.
9
Тек Жаратқан Иеге қарсы бас көтермеңдер, елдің халқынан қорықпаңдар! Олар бізге жем болады: олар қорғаныштарынан ада қалған. Ал арамыздағы Жаратқан Ие бізге жар! Олардан еш қорықпай-ақ қойыңдар!» — деп ескертті.
10
Бірақ бүкіл қауым олардың екеуін таспен атқылап өлтіру туралы айта бастады. Сонда кездесу шатырынан Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты барлық исраилдіктерге көрінді.
11
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?!
12
Енді Мен бұл халыққа індет жіберіп, құртамын. Содан кейін сенің өзіңнен олардан да көбірек әрі күштірек халықты өрбітемін!
Пайғамбардың арашалық дұғасы
13
Ал Мұса Жаратқан Иеге былай деп сиынды:
— Сонда мысырлықтар бұл туралы еститін болады! Сен осы халықты Өзіңнің құдіретіңмен олардың арасынан алып шықтың ғой!
14
Олар мұны Қанахан елінің тұрғындарына айтатын болады. Уа, Жаратқан Ие, Сенің осы халықтың ортасында екендігің жайлы олар естіген. Уа, Ием, Сенің адамның көзіне көрініп аян бергенің әрі өз бұлтыңның халқыңның үстінде қалықтап тұрғаны да олардың құлақтарына шалынған. Сенің күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жалындаған от бағанасының ішінде халқыңның алдында жүргендігің туралы да олар хабардар.
15
Бірақ егер Сен мына халықты бір адамын да қалдырмай қырып тастасаң, онда Өзің туралы естіген бөтен халықтар:
16
«Әне, көрдің бе, Жаратқан Ие сол халықты оларға беруге Өзі ант еткен елге жеткізе алмапты. Сол себепті Ол халықты елсіз далада қырып тастапты» деп Сені табаламақ.
17
Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой:


18
«Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,
Ол сондай сенімді де қайырымды,
Көтеріліс пен теріс қылықтарды
Тіпті кешіруге дайын тұрады!
Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,
Ол аталарының кінәлары үшін
Жазалайды балалары мен немерелерін,
Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».
б


19
Өзіңнің ұлы да берік мейіріміңе сай осы халықтың кінәсін кешіре гөр! Оларды Мысырдағы кездерінен бастап қазірге дейін осылайша кешіріп келдің ғой.
20
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп жауап берді:
— Жарайды, сенің өтінгеніңдей Мен оларды кешіремін.
21
Бірақ Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, былай деп ант етемін: Бүкіл дүниенің Менің салтанатты ұлылығыма толы екендігі шүбәсіз.
22
Сол сияқты, мына адамдардың тағдыры да еш шүбәсіз. Олар Мысырда және осы айдалада Менің ұлы салтанатымды әрі құдіретімді дәлелдеген керемет істерімді өз көздерімен көрсе де, Мені он рет еркінсіп сынап, даусыма құлақ түрмеді!
23
Сол үшін олардың ешқайсысы да Мен ата-бабаларына табыстауға ант еткен елді көрмейтін болады! Мені менсінбегендердің ешқайсысы да сол елге
в
көз тастамайды!
24
Алайда қызметшім Халеп ондай мінез
г
көрсетпей, Маған шын жүректен сенімді болғандықтан, Мен оны өзі барлап келген сол елге апарып кіргіземін. Оның ұрпақтары сол елді иемденетін болады.
25
Ендеше амалектіктер мен қанахандықтар аңғарларда тұрғандықтан сендер ертең кері бұрылып, иен дала жолына түсіп, Қамысты теңізге қарай
ғ
беттеңдер!
Өз бетімен аттанған халықтың жеңілісі
26
Содан соң Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға былай деді:
27
«Мына зұлым жамағат қашанға дейін Маған қарсы күңкілдеп шағымдана бермек? Исраилдіктердің Маған қарсы күңкілдеп шағымдануы құлағыма шалынды.
28
Оларға мынаны жеткіз: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай деп ант етеді: құлағыма шалынған сендердің айтқандарыңды Мен өз бастарыңа айнытпай-ақ келтіремін!
29
Санақтан өткен жасы жиырмадағы не одан асқан еркек кіндіктілерің — Маған қарсы күңкілдеп наразылық білдірген барлығыңның сүйектерің осы иен далада шашылып қалады.
30
Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер!
31
Сендер бала-шағамыз жауға олжа болады деген едіңдер. Алайда осы балаларыңды өздерің менсінбей қойған сол елге Мен Өзім алып барамын. Елдің игілігін солар көретін болады!
32
Ал сендердің сүйектерің осы иен далада қалмақ.
33
Жаратқан Иеге деген опасыздықтарыңа бола, бала-шағаларың сендердің бірде-біреуің тірі қалмай құрып бітпейінше, қырық жыл бойы осы иен далада көшіп-қонып мал бағып азап шегетін болады.
34
Уәделі елді қанша күн барлаған болсаңдар, сонша жыл, яки қырық жыл бойы өз кінәларыңның зардабын тартатын боласыңдар. Осылайша Менің өздеріңе қарсы болуымның не екенін ұғасыңдар.
35
Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!»
36
Ал Мұсаның елді барлауға жіберген және сол ел туралы халыққа жаман хабар таратып, бүкіл жамағаттың Жаратқан Иеге наразы болуына түрткі салған адамдары
37
сол кезде Жаратқан Иенің алдында індеттен көз жұмды.
38
Елді барлап келген он екі адамнан тек Нұн ұлы Ешуа мен Ефунне ұлы Халеп екеуі ғана тірі қалды.
39
Мұса Жаратқан Иенің айтқан сөздерін Исраил халқына жеткізгенде бәрі қатты қайғырып жылаумен болды.
40
Бірақ келесі күні ертемен олар таулы елге қарай өрлеп баруға дайындалып:
— Иә, күнә жасадық, мойындаймыз! Енді Жаратқан Иенің айтқан жеріне өрлеп барамыз! — десті.
41
Мұса оларға былай деп басу айтты:
— Неге қайтадан Жаратқан Иенің бұйрығына
д
қарсы шығасыңдар? Осылай табысты болмайсыңдар!
42
Таулы жерге қарай өрлеп бармаңдар, өйткені Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болмайды. Сонда жауларыңнан жеңіліп күйрейсіңдер.
43
Амалектіктер
е
мен қанахандықтар
ж
сендерге сол жерде қарсы шығады. Сендер Жаратқан Иеден теріс бұрылып кеткендіктен, Ол араларыңда бірге болмай, сендер семсердің жүзінен қырыласыңдар.
44
Алайда олар өркөкіректеніп, таулы жерге қарай өрлеп шығуға бәрібір ұмтылды. Ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы және Мұса пайғамбар қоныстан шықпады.
45
Сонда таулы жерде тұратын амалектіктер мен қанахандықтар төмен түсіп, исраилдіктерге тап беріп, оларды Хормаға
з
дейін қуып талқандады.

а  16:13; 20:4-5; 21:5; Мыс 16:3.

ә  11:1; Мыс 15:24.

б  Мыс 20:6; 34:6,7; Заң 5:9-10; Пат1 5:23; Шеж2 36:13; Ерм 3:3; 7:26.

в  Қанаханға (14:8).

г  Яки: рух.

ғ  (21:4; Мыс 13:18; 14:21; 23:31) Яки: Қызыл теңізге.

д  Яғни Оның уәделі елге бармай, кері бұрылып, иен дала жолымен жүріңдер деп бұйырғанына (14:25).

е  13:29; 14:45; Бил 3:13.

ж  13:29; 14:45; Бил 4:2.

з  21:3.