Руларды санау  13
Қанахан еліне барлаушылар жіберу
1
а
Мұнан кейін халық Хасироттан көшіп шығып, Паран атты елсіз далаға жетіп, қостарын тікті.
2
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тапсырды:
3
«Мен Исраил халқына табыстап отырған Қанахан елін барлап келу үшін сол жерге адамдар жібер. Ата-бабаларынан тараған он екі рудан бір-бір басшыдан жібер».
4
Сонымен Мұса оларды Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Паран атты иен даладан жұмсап жіберді. Олардың барлығы Исраил халқының басшыларынан болатын.
5
Олардың аты-жөндері мыналар: Рубен руынан Зақур ұлы Шаммуа,
6
Шимон руынан Хори ұлы Шапат,
7
Яһуда руынан Ефунне ұлы Халеп,
8
Исашар руынан Жүсіп ұлы Иғал,
9
Ефрем руынан Нұн ұлы Ошия,
ә
10
Бунямин руынан Рафу ұлы Палти,
11
Забулон руынан Соди ұлы Ғаддиел,
12
Жүсіптен тараған Манаса руынан Суси ұлы Ғадди,
13
Дан руынан Гемалли ұлы Әмиел,
14
Ашир руынан Михайл ұлы Сетур,
15
Нафталим руынан Уопси ұлы Нахби,
16
Ғад руынан Махи ұлы Геуел.
17
Мұсаның елді барлап келуге жіберген адамдарының есімдері осылар. Ал Мұса Нұн ұлы Ошияға Ешуа деген жаңа ат қойды.
б
18
Сонымен Мұса оларды Қанахан елін барлап келуге жіберіп, мынадай тапсырма берді: «Осы Негев аймағы арқылы елдің таулы жеріне өрлеп барыңдар.
19
Байқап көріңдер: ел қандай екен? Онда тұрып жатқан халықты да байқаңдар, қуатты ма, әлде әлсіз бе, көп пе, әлде аз ба?
20
Халықтың тұрып жатқан жері де қандай: жақсы ма, жоқ па? Қандай елді мекендерде тұрады екен, шатырлы қоныстарда ма, әлде бекіністі қалаларда ма?
21
Жерлерінің топырағы қандай: құнарлы ма, әлде құнарсыз ба? Онда ағаш өсе ме, жоқ па? Батыл да қайсар болып сол елдің жемістерінен де біраз алып келіңдер!» — Бұл жүзім піскен мезгіл болатын.
22
Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін
в
атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін
г
шарлап, барлап шықты.
23
Олар елге Негев арқылы еніп, Хеброн
ғ
қаласына жетті. Онда Анақтың ұрпақтары Ахиман, Шешай, Талмай деген алыптар тұратын. Ал Хеброн Мысырдағы Соған
д
қаласынан жеті жыл бұрын салынған қала.
24
Мұнан кейін олар Ешқол аңғарына барып, онда жүзім бұтасынан шоғы бар бір сабағын кесіп алып, оны ағаш бақанға іліп, екеулеп көтеріп кетті. Сонымен бірге олар анар, інжір жемістерінен де ала жүрді.
25
Сол жер исраилдік барлаушылардың кесіп алған жүзім шоғына бола Ешқол (демек, жүзім шоғы) аңғары деп аталып кетті.
Барлаушылардың екі түрлі баяндамасы
26
Жіберілгендер қырық күн бойы елді барлап болғаннан кейін қоныстарына қайта оралды.
27
Олар Паран даласындағы Қадеште
е
жиналып тұрған Мұса мен Һаронның және Исраил халқының бүкіл жамағатының алдында өздерінің көріп-біліп келгендерін айтып беріп, алып келген жемістерін де көрсетті.
28
Барлаушылар Мұсаға баяндап былай деді:
— Біз сіз жіберген елге барып келдік. Онда шынында да ағы мен балы молынан ағып жатыр екен. Міне, мыналар — сол елде өсетін жемістер.
29
Алайда онда тұратын халық сондай мықты екен! Ондағы қалалар да бекіністі әрі өте үлкен. Біз одан тіпті Анақтың алып ұрпақтарын да көрдік.
30
Елдің оңтүстігіндегі Негев аймағында Амалек тайпасы тұрады. Ортадағы таулы аймақта хеттіктер, ебустіктер, аморлықтар орналасыпты. Қанахандықтар (батыстағы) теңіз жағасында және (шығыстағы) Иордан өзені бойында қоныстанған екен.
31
Ал Халеп Мұсаның алдында халықты тыныштандырып:
— Уа, халайық, біз елге өрлеп барып, оны иемденіп алайық! Соны сөзсіз істей аламыз! — деді.
32
Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:
— Жоқ, біз сол халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден соншама күшті! — деп онымен келіспеді.
33
Сол он барлаушы
ж
исраилдіктердің арасында өздері барлап келген ел туралы жағымсыз хабар таратты: «Біз аралап, барлап келген сол ел өз тұрғындарын жалмайтын жер екен! Онда тұрып жатқан халықтың адамдары денелі.
34
Бұл жерде алыптың тұқымынан
з
тараған Анақтың ұрпақтары да тұрады! Біз олардың жанында өзімізді шегіртке іспетті кішкентай сезіндік! Олар да бізге солай қарады».

а  Көп аудармаларда осы аят 12-тараудың 16 аяты деп саналып, одан кейінгі аяттардың саны бір сан төмен болады.

ә  13:17.

б  (13:9) Ошия «Құтқарушы», ал Ешуа «Жаратқан Ие — Құтқарушы» дегенді білдіреді (Еш 1:1; Түсіндірмедегі «Исаны» да қараңыз).

в  Яки: Цин (Өлі теңіздің оңтүстік-батыс жағындағы елсіз дала: 20:1; 27:14; 33:36).

г  Яки: (Сириядағы) Хаматқа қарай баратын жолдағы (Бет-)Рехоб деген таулы аймаққа дейін (Еш 19:30; Бил 18:28; Пат2 10:6).

ғ  Жар 13:18; 23:2.

д  Жыр 77:12,43.

е  Яки: Қадеш-Барнидың төңірегінде (32:8).

ж  Яғни Халеп пен Ешуадан басқалары (14:6).

з  Жар 6:4.