Нехемия  7
1
Қала қабырғасы салынып біткен кезде мен қақпалардың есіктерін орнаттырып қойдым. Содан қақпа күзетшілері, ғибадатхана әншілері және леуілік ғибадатхана қызметшілері міндеттеріне тағайындалды.
2
Мен ағайыным Хананиға
а
және қорғанның
ә
бастығы Хананияхқа
б
Иерусалимнің үстінен билік жүргізуді тапсырдым. Өйткені Хананиях сенімді адам болатын және Құдайды басқалардан гөрі артық қастерлейтін еді.
3
Екеуіне мынадай нұсқау бердім: «Күн ысып, қақпа күзетшілері өз орындарында тұрмайынша Иерусалимнің қақпалары ашылмай, есіктері жабылып, кесе-көлденең бөренелермен бекітіліп тұрсын! Иерусалимнің тұрғындарының арасынан сақшыларды тағайындаңдар. Олар қала қабырғасын бойлай және өз үйлерінің қарсысында қарауылда тұратын болсын».
Жер аударылудан қайтқан оралмандардың тізімі
4
Сол кезде қала кең-байтақ, ал ішіндегі халқы аз болатын. Қаладағы үйлер әлі де қайта салынбаған еді.
5
Содан Құдай маған жетекшілер мен қызметкерлерді және жай халықты жинап, әрқайсысын шығу тектері бойынша тіркеп жазып алу жайлы ой салды. Мен ең бірінші болып елге қайтып келген оралмандардың
в
шежіре жазбасын тауып алып, сонда жазылған төмендегі сөздерді оқыдым:


6
Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендер мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
7
Олардың жетекшілері: Зоробабел,
г
Ешуа, Нехемия,
ғ
Азариях, Рағамиях, Нахамани, Мардохай, Билшан, Мисперет, Бигуай, Нехум, Бағанах.


Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
8
Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
9
Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
10
Арахтың ұрпақтары: алты жүз елу екі адам.
11
Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб есімді екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он сегіз адам.
12
Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
13
Заттудың ұрпақтары: сегіз жүз қырық бес адам.
14
Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
15
Бинуйдің ұрпақтары: алты жүз қырық сегіз адам.
16
Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма сегіз адам.
17
Азғадтың ұрпақтары: екі мың үш жүз жиырма екі адам.
18
Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс жеті адам.
19
Бигуайдың ұрпақтары: екі мың алпыс жеті адам.
20
Адиннің ұрпақтары: алты жүз елу бес адам.
21
Атердің Езекияның тұқымынан шыққан ұрпақтары:
д
тоқсан сегіз адам.
22
Хашумның ұрпақтары: үш жүз жиырма сегіз адам.
23
Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма төрт адам.
24
Харифтің ұрпақтары: жүз он екі адам.
25
Гибеонның
е
ұрпақтары: тоқсан бес адам.
26
Бетлехем мен Нетопаттың адамдары: жүз сексен сегіз.
27
Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
28
Бет-Азмауеттің адамдары: қырық екі.
29
Кирият-Иғарым, Кефира, Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
30
Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
31
Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
32
Бетел мен Айдың
ж
адамдары: жүз жиырма үш.
33
Басқа Небоның адамдары: елу екі.
34
Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
35
Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
36
Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
37
Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бір.
38
Сенаяхтың адамдары: үш мың тоғыз жүз отыз.


39
Діни қызметкерлер:
Едаяхтың Ешуадан тараған ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
40
Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі адам.
41
Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
42
Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.


43
Леуіліктер:
Ешуаның және Қадмиелдің Ходеуа
з
арқылы тараған ұрпақтары: жетпіс төрт адам.


44
Әншілер:
Асафтың ұрпақтары: жүз қырық сегіз адам.


45
Қақпа күзетшілері:
Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита, Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз сегіз адам.


46
Ғибадатхана қызметшілері:
Сиха, Хасуфа, Таббаот,
47
Керос, Сиях, Падон,
48
Лебанах, Хагабах, Шалмай,
49
Ханан, Гиддел, Ғахар,
50
Реях, Ресин, Некода,
51
Ғазам, Ұзза, Пасеах,
52
Бесай, Меуним, Нефисим,
53
Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,
54
Баслут, Мехида, Харша,
55
Барқос, Сисара, Тамах,
56
Несиях, Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.


57
Сүлейменнің қызметшілері:
Сотай, Соферет, Перида,
58
Ялах, Дарқон, Гиддел,
59
Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим, Амон есімді аталардың ұрпақтары.
60
Ғибадатхана қызметшілері әрі Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.


61
Мыналар Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген еді, бірақ олар өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмады:
62
Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз қырық екі адам.


63
Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос, Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың
и
бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
64
Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
65
Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік
к
атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».
қ


66
Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
л
67
Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз қырық бес еркек, әйел әншілері
м
болды.
68
Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
н
69
төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
Басшылар мен халықтың берген сый-тартулары
70
Бірқатар әулет басшылары құрылыс жұмысына өз үлестерін қосты. Аймақтың әкімі қазынаға бір мың алтын теңге, елу алтын тостаған және діни қызметкерлерге арнап бес жүз отыз көйлек
о
тарту етті.
71
Өзге әулет басшыларының бірнешеуі жұмыс қорына арнап жиырма мың алтын теңге және екі мың екі жүз қадақ күміс
ө
берді.
72
Ал халықтың қалған бөлігінің тарту еткені жиырма мың алтын теңге, екі мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған алпыс жеті көйлек болды.
73
Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, жалпы халықтың біразы және ғибадатхана қызметшілері өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.
п

а  1:2.

ә  2:8.

б  10:23.

в  Езр 1:5; 2:1.

г  Есімі Зеруббабыл деп те жазылатын осы адам бір кезде Яһуда аймағының әкімі болды (12:1; Езр 3:2,8; Хақ 1:1,12,14).

ғ  Ешуа: сол кездегі бас діни қызметкер (12:7; Езр 2:2; Хақ 1:1). Нехемия: осы жазбаны жазған әкім Нехемия емес (Езр 2:2).

д  2:16.

е  Яки: Гибардың (Езр 2:20).

ж  (Жар 12:8; Еш 7:2) Осы қаланың аты Гай деп те жазылады.

з  Осы есімнің Ходауиях, Годавия, Годева деген түрлері де бар (Езр 2:40).

и  Пат2 17:27-29; 19:31-32; Езр 2:61.

к  Яки: Адал және Ақиқат (Мыс 28:30).

қ  Езр 2:63; Леу 2:3,10; 6:14-18; Рул 18:8-10; Езк 46:20.

л  Езр 2:64-тегі түсініктемені қ.

м  Шеж2 35:25.

н  Пат3 1:33; Иш 66:20.

о  Бір мың алтын теңге (яки дарик): 8320 г алтын. Алтын тостаған: Шеж2 4:8,11. Көйлек: Мыс 39:22,27.

ө  Шамамен 1300 кг күміс.

п  11:1-3,25-36; 12:27-29; Езр 2:70.